Жеті санына байланысты лаатты ым



Елубай Диас

ФМБ НЗМ 2 сынып оқушысы

Жетекшісі А.М.Хамзина.

7созине баиланысты макал 7созине баиланысты макал

Жеті санына байланысты ұлағатты ұғымдар

Ғылыми жоба жеті санына қатысты ұлағатты ұғымдарды зерттеуге байланысты .

Бұл жоба қазақ халқының тұрмысында, салт-дәстүрі мен мәдениетінде киелі жеті саны туралы мағлұматтар беріп, жеті санына байланысты әлем кереметтері туралы жазылған. Бұл ұсынылып отырған еңбек осы бағытта жасалған алғашқы қадамдардың бірі деуге болады.

Зерттеу мақсаты: жеті санынның адам өмірінде қасиеттілігін дәлелдеп, қазіргі кезде олардың қолдану жайында анықтау және ата-бабаларымның тарихын зерттеу, ұлттық құндылығымызды насихаттау

Зерттеу міндеттері:

1 — жеті санның маныздылығын ашуға өзіндік үлес қосу

2- дүниетану сабағынан алған білімді дамыту

3- мақал – мәтелдердің тақырыптарын зерделеп мәнін ашу

4-сандардың адам өміріндегі ең манызды роль атқаратындығына көз жеткізу

Болжамы:

1-оқушылар осы деректер арқылы жеті санның қасиеттерін біледі

2-танымдық қызығушылықтары, ой-өрістері артады

Зерттеудің әдіс-тәсілдері:

1-теориялық және практикалық материалдарды жинақтау, іріктеу

2- оқушылар арасында сауылнама жүргізу

3-сыныптан тыс іс-шаралар өткізу және қатысу

4 -ақпарат көздерінен мәлімет алу

Зерттеу кезеңдері:

1-тақырыпты анықтау, мақсатын, болжауын айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгерту

2-тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау, жүйелеу

3-алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды мен ұсыныстарды дайындау, ғылыми жоба қорғау

Зертеудің жаңалығы:

1-зерттеу мәліметтеріне сүйене отырып қазақтың ескіден келе жатқан жеті саны туралы кеңінен түсіндіру

2-сабақта қосымша материал ретінде пайдалану.

Зертеудің нәтижесі: зерттеу жұмысының алға қойған мақсатының орындалуы, болжамның дәлілдеуі.

Кіріспе

«Өмірдің барлығы саннан жаратылған»

Пифагор

Сандарда шешендік өнер, қасиетті түсінік, тобықтай түйін, түйсік, талап, терең ой жатыр. Қазақ сандарды пайдалана отырып, белгілі бір дәрежеде қорытынды, айғақты дерек пен болжамдар, ұтқыр ұғымдар тудыра білген. Он мақалдап та, мәтелтепте, айшықты сөздермен астарлап та, қисынды оймен қиып та айта береді.

Ислам дінінде және қазақтарда жеті саны қасиетті сан. Ислам діні бойынша жеті санының қасиеті – Аллах тағала барлық әлемді жеті күнде жаратқан. Аллах тағала Адам мен Хауа ананы жаратқаннан кейін оларға сүйсіне қарапты дейді.

Менің мақсатым жеті саны туралы деректерді жинақтау, жеті санын неге қасиетті деп санайды, адам өміріне пайдасын дәлелдеу, қазіргі кезде олардың қолдану жайында анықтай отырып ата-бабаларымның тарихын зерттеу.

Жоба жазғанда келесі жұмыс түрлерін өткіздім: теориялық және практикалық материалдарды жинақтау, тақырып бойынша материалдарды іріктеу, сауылнама жүргізу, ақпарат көздерінен мәлімет алу.



ҚАЗЫ

НА

ЖҰТ

ЖОҚ

ЖЕТІМ

ЖАРҒЫ

ДӘМ

КЕМПІРҚОСАҚ

КҮН

АМАЛ

АСПАН

ШЫРАҚ

КЕРЕ

МЕТ

АТА

7

Жеті саны – бақытты сан, ол – адамзаттың сүйікті саны. Көп халықтың түсінігі осындай. Жеті деген санды қадірлеу көне заманнан басталады. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден – ақ санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті саның қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті саналатыны белгілі

Жеті санын ашуға байланысты жүргізілген жұмыстар

Жоба жазудын алдында мен сандардың шығу тарихымен таныстым. Сан ұғымы өте ерте заманда туған. Қазақта қасиетті деп бағаланатын сандар көп – ақ. Үш, бес, жеті сандарын бабаларымыз қастер тұтып, «үш арсыз», «бес парыз», «жеті қазына» деген сипатты дүниелерді жолға қойғаны белгілі. Қарап отырсаңыз, біздер тақ сандарды тәуір көреді екенбіз. Соған нанамыз, сенеміз. Әйтеуір, бір жақсылық күтетініміз рас. Қазақта «жаман сан» деген ұғым атымен жоқ

Мені қызықтырғаны жеті саны, оның ерекшілігі, қасиеттілігі, жеті сандың құпия сырын ашуға талпындым. «Жеті» сөзімен байланысты халқымызда бір неше ұлағатты ұғымдар бар.

Біріншіден мен материалдар жинақтадым, әсіресе маған жақын – «Жеті ата» тақырыбы бойынша.

Мен жеті санын зерттей отырып, ең алдымен әкемнің айтуы бойынша

өз шежірем, яғни жеті атамды біліп алдым, өзімнің шежіреммен

таныстырып кетейн:

1-ші – Диас (мен)

2-ші – Сағат (әкем)

3-ші – Елубай (атам)

4-ші – Кәкім (үлкен атам)

5-ші аты – Нұрпейіс (бабам)

6-ші аты – Өмірзақ (түп атам)

7-ші аты – Тоқтарбай (тек атам)

Әр адам өзінің жеті атасын білгені – көргенділік пен білімділігін, ата көргендігін танытады. Жеті атаны үйрету әр ата-ананың басты борышы.

Осы ойыммен өз сыныптастарыммен бөлістім. Мен өз достарыма жеті

атасын біліп келуді тапсырдым. Олар бір айдың ішінде ата-аналарының

көмегі бойынша жеті аталарын жетік біліп алды.

Біз сыныпта ұстазымыздың көмегімен «Жеті атасын білген ұл жеті

жұрттың қамын жер»атты сынып сағатын өткіздік. Біз бұл сынып

сағатында бір-бірімізге өз жеті атамызды айттық. Бұл сынып сағаты өте

қызықты өтті. Біз бір-біріміздің жеті атамызды біліп алдық.

Жоба барысында мен көп қиыншылықтарға тап болдым,өйткені мен білмейтін сөздер көп болды. Сол мезгілден бастап, мен өз сөздігімді бастадым. (қосымша 1)

Жобам жеті саны болғандықтан, мен жеті санына байланысты мақал-мәтелдер жинадым. Бұл мақал-мәтелдердің мағынасын өз ұстазымнан сұрап біліп алдым. Мен қарастырған мақал-мәтелдерде қазақтың қасиетті сандарының ерекшілігін оның адам санасына әсері, ежелгі Шығыс елдерінің ілімімен салыстыра отырып, сараптамалау барысында ұмытылып ұлттық құндылығымызды насихаттау. Мақал-мәтелдер халықтың жан дүниесінің, мінез, бітімінің тыныс тіршілігінің айнасы және ұшқыр ойы мен танымдылық мектебі.

«Ғажайып жеті саны» атты сауалнама өткіздім . Бұл сауалнамаға ұстаздар, ата-аналар және оқушылар қатысты. Сауылнама бойынша көпшілік үшін жеті сан – қасиетті сан болып шықты . Жауаптар қорыту бойынша көпшілік –«жеті қазына», «жеті жарғы» және «жеті ата» ұғымдарын таниды.

Жоба жазғанда тағыда қосымша жұмыстар атқардым: жеті санға суреттер байқауын , «Жеті шырақ» атты ойын, насихаттау арқылы «Ғажайып жеті саны» дөнгелек стол өткіздім, «Жеті керемет» сынып сағатқа белсенді қатыстым

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

[1] Қенжеахметұлы С. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті.- А: Алматыкітап, 2007. 328 б.

[2]. Қенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.- А: 2004. 35 б.

[3] Қазақтың көне тарихы. – Алматы:«Жалын»,1993.56 б.

[4] Шалакенов У. Әлем халықтарының этнографиясы. – А: Санат, 2000. 66 б.

[5] Дүйсембінова Р.Қ. Мектеп этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру.-Алматы: «Ғылым» 2000. 18 – 20 б.

[6] Елубаев С. –Алматы: 1996. 23 б.

[7] Балалар энциклопедиясы.\ ред. Б.Аяған. А: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2008. 1 т., 153 б.

[8] Балалар энциклопедиясы.\ ред. Б.Ө.Жақып. А: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2009. 2 т., 36 – 38 б.

[9] Қалиев С, Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрі. –Алматы: 1994. 15 – 17б

[10] Қырық қазына. –Алматы: 1997. 42 б.

[11] Қазақ мақал-мәтелдері/ А: «Қазақстан» баспасы, 2008








sitemap
sitemap