Кішкентай ханшайым



Тақырыбы: Кішкентай ханшайым байқауы. Мақсаты: Жас ұрпақты әдемілік әлемінің сұлулығын көзбен көре, жанмен түсіне білуге ,зерделі болуға үйрету. Қыз балалардың жас кезінен алатын тәлім – тәрбиесіне байланысты туған мәтелдердің мән мағынасын ашу. Ұқыптылыққа ,әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу. Әдісі: Қыздар арасындағы байқау Көрнекілігі: Суреттер,слайдтар,интерактивті тақта,нақыл сөздер, керекті құрал-жабдықтар тб. Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. -Музыка ырғағымен қонақтар ,ата-аналар, оқушылар кіріп орындарына отырады. Мұғалім: Бүгін біздің ауылда дүбірлі той, Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қойып Жырдан шашу шашылсын, күй күбірлеп Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой Қазақ халық, «Қыздың жолы жіңішке», «Қыз өссе-елдің көркі,гүл өссе-жердің көркі»-.деп табиғаттың әсемдігімен салыстырады, не бір асыл сөздерге теңейді, ән, жырға қосады, оны өмірдің өзегі санайды. Қыз баланы тәкәппаралықтың, сұлулықтың, инабаттылықтың, ақылдылықтың, тапқырлықтың символы деп есептейді. Халық қашанда қыз баланы ерекше құрмет тұтып төрден орын беріп, аялап әлпештеген. Қыз сұлулығын әлемге нұрын төккен күнге, аспанға, ай-жұлдызға теңеп, оны адамдықпен адалдықтың биік тұғырынан көруді армандаған.

Мұғалім: Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі

Тал бойына жарасқан күлкі әдемі,

Бір көргенге болмай –ақ сахнада

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі – дей отырып бүгінгі байқауға қатысатын қыздарды қошеметтеп ортаға шықырайық.

2 «а» сынып оқушысы : (ерке қызмыз) Бекболат Меруерт 2»б» сынып оқушысы: (қиғашқас ) Серік Қаракөз 3 «а» сынып оқушысы: (қолаң шаш ) Аким Сания 3 «б» сынып оқушысы: (сүмбіл шаш) Күлдейбекова Анара 4 «а» сынып оқушысы: (ақжарқын қыз) Даулет Ажар

1. Мөлдір: Үздік оқып сабағын,

Бәрімізге жағатын,

Әкесінің еркесі,

Анасының сәулесі

Сүйікті ісі: сурет салу,кітап оқу.



Бағалы қасиеті: инабатты,сыпайы,кішіпейіл



2. Қаракөз: Алар дәйім «бестігін»

Аққуба қыз кескінің

Бойшаң біздің Қарақат

Ұяңдау деп естідім

Сүйікті ісі: сурет салуды,жазуды жақсы көреді.

Бағалы қасиеті: анасының тұнғышы және көмекшісі, кішілерге қамқоршы.

3. Сания : Айтқанда әні әуелі

Ерекше шығар әуені

Биязы қыз Сания

Өзі де пысық әдемі

Сүйікті ісі: сурет салуды, билегенді ұнатады.

Бағалы қасиеті: үлкенді сыйлайды, кішіге қамқор болады.

4. Анара : Сабағын да меңгерген.

Жақсылықты жөн көрген.

Арамызда Анара

Өзі өнерлі қыз тіпті.

Сүйікті ісі: сурет салуды, кітап оқығанды, билегенді ұнатады.

Бағалы қасиеті : ақылды, парасатты,үлкенді сыйлайтын,кішіге қамқор бола алатын қыз.

5. Ажар: Ай секілді өзі де

Сыңғыр-сыңғыр сөзі де

Ажар қыздың сыныпта

Әдемі ғой көзі де.

Сүйікті ісі: өлең жазуды, билегенді ұнатады.

Бағалы қасиеті : зерек, еңбекқор,апасының көмекшісі.

Мұғалім:

Әділқазы ақ – қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді бар әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сап , әділдікпен шеше біл – дей отырп әділқазыларды таныстыру.

1.Мектеп директоры: Ибраимова А.Ж.

2.Бастауыш сынып ӘБ жетекшісі: Телтаева Ж.Б.

3.Оқу –ісі жөніндегі меңгерушісі: Байболаева Ф.Қ.

Мұғалім: Қыз емес, қыздың аты – қызыл алтын,

Көрінер қызыл айдай жүзі жарқын

Үлкенің алдын орап сөз сөйлемес

Халықтың сақтай білген ізгі салтын

Қымбатты ұстаздар, ата-анлар және әділқазы алқасы ,сайысқа қатысушылар, оқушылар сіздерді сайыс бағдарламасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1- сайысы: Өзін-өзі таныстыру

2-сайысы : Үй тапсырмасын көрсету (қол өнер)

3-сайысы: Сұраққа-жауап алу (білім жарысы)

4-сайысы: Қыздардың өнерлері (ән,өлең,би)

5-сайысы: Қолөнер сайысы (ұлттық оюды қию)

6-сайысы: Мақал-мәтелдер айту (ана,қыз туралы )

7-сайысы: Ұлттық киім, бұрымды шаш жарысы.

1.Мұғалім: Болады қыздың аты ,затына сай,

Ниет етсең болуға өнерге бай

Артық емес үйрен де жирен деген,

Бос қалып бұл өмірде жүрмеші жай.

«Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей гүлдерімізді танысуға шақырамыз.

1.Даулет Ажар

2.Аким Сания

3.Күлдейбаева Анара

4.Бекболат Меруерт

5.Серік Қаракөз-ді ортаға шақырамыз.

2.Мұғалім: Тұз емес пе, астың дәмін кіргізер,

Қыз емес пе, үйдің сәнін кіргізер,

Қыздың жиған жүгіндей демейміз бе?

Сұлулық пен нәзікті білгізер -деп қыздардың шеберліктерін, үй тапсырмасын көрсетеді.

2 «а»сынып оқушысы Бекболат Меруерттің өнерін тамашалайық.(Шығыс биі)

3.Мұғалім: Жіңішке сымға тартқан әні қандай,

Балауыз балбыраған тәні қандай,

Ақыл ой мінез көрік түгел келіп

Толысып танып тұрған сәні қандай — деп ақыл –білім парасат сайысын тамашалайық.(сұраққа жауап алу)

2 «б»сынып оқушысы Серік Қаракөздің өнерін тамашалайық.(Қазақ биі)

4.Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен менше сүй – деп қыздар өнерін тамашалайық.

3 «а»сынып оқушысы Аким Санияның өнерін тамашалайық.(Қазақ биі)

Мұғалім: Қыздар жаны гүлдей нәзік тым биік

Қыздар жаны-түбі терең тұңғұйық

Жабырқаған жігіттердің көңіліне

Жанап өтіп, жүреді әркез нұр құйып -деп қолөнер сайысын тамашалайық.



3 «а»сынып оқушысы Күлдейбаева Анараның өнерін тамашалайық.(өлең оқу)

Мұғалім: Талдай бой берсін

Сұңғыла ой берсін

Таудай талап берсін,

Басына білімнің бағы қонсын — деп мақалдар айтып жарысамыз.

3 «а»сынып оқушысы Даулет Ажардың өнерін тамашалайық.(өлең оқу)

Мұғалім: Білектей арқасында өрген бұрым

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын

Кәмшәт бөрік , ақ тамақ, қара қасты

Сұлу қыздың көріппедің мұндай түрін?- деп ұлттық киімі мен бұрым сайысын тамашалаңыздар.(жүрістерін бағалау)

Мұғалім: Табылар білім болса бар асыл да,

Кезек келді қазылардың бағасына

Жақсы екен бата алған аналардан

Қазылар бұл байқауды бағалаған-деп әділқазылар сайыс қортындысын хабарлап ,қыздарға сыйлықтар тапсырылады.

Мұғалім: Талдай бой берсін,

Сұңғыла ой берсін

Жаздай жамал берсін,

Қардай жанар берсін!

Анаға шуақ болыңдар,

Ағаға қуат болыңдар,

Нәзік жанды болыңдар,

Елінің ары болыңдар,

Басына өнерден бақ қонсын

Ақ орданың шамы болыңдар-деп бүгінгі байқауды аяқтай отырып, құрметті қыздар мақсат жеңу емес,қатысу демекші, сіздерге зор денсаулық, бақыт,оқуда озат болуларыңа тілектеспіз,ата-аналарыңның сүйікті де сүйкімді қыздары болыңдар,болашақта жеңіп алатын биіктерің көп болсын –деп келесі білім жарыстарында кездескенше сау саламат болыңыздар!








sitemap
sitemap