6 9 каржы теория



6.Шығыстардың, салықтардың, балансталған бюджеттің мультипликаторы Батыстың қаржы теориясында мемлекет қаржыларының ұлттық өнім мөлшерімен өлшенетін өндіріске әсерін түсіндіру үшін «мультипликатор» ұғымы пайдаланылады. Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:1)шығыстар бойынша, яғни бүкіл өндірілген өнім массасын сатып алуға қажетті экономикалық субъектілердің барлық шығыстарының жиынтығы бойынша;2)табыстар (немесе бөлу) бойынша, яғни субъектілердің өнім өндіруден алатын табыстары тұрғысынан. Мультипликатор әрекетінің негіздемесі «үнемдеуге шекті бейімділік» – МРS және «тұтынуға шекті бейімділік» – МРС ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы, екіншісінде – тұтынуға өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара қатынаспен білдіруге болады:

Мультипликатордың құбылысы ұлттық өндірістің нақтылы көлемі мен жұмыстылықты өзгерту, инфляцияның үстінен бақылау және экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің шығыстарымен және салықтармен саналы айла-шарғы жасау болып табылатын дискрециялық фискалдық саясатты жүргізген кезде пайдаланылады.Салықтар тұтыну мен үнемдеудің көлемін төмендетуге және тепе-теңді ТҰӨ-нің мөлшерін азайтуға жеткізетін табыстардың қысқаруын тудырады. Өнімнің көлеміне (салықпен бірге) үнемдеу мен импорт осыған ұқсас әрекет етеді. Бұлардың барлығы табыстар-шығыстар жүйесінен кему болып табылады, яғни ішкі тұтынысты шалмайды. Инвестициялармен, экспортпен және мемлекеттік сатып алумен толтырылуы мүмкін шығыстардағы үзілімді жасай отырып, тұтыныс азаяды.Салықтардың төмендеуі жиынтық шығыстар графигінің ауысуын және ТҰӨ-нің еселенген артуын тудырады. Шығыстар мультипликаторының іс-әрекетіне қарама-қарсы салық мультипликаторының іс-әрекеті осылайша көрінеді.Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы оның табыстардың тұтыну компонентіне тәуелділігі болып табылады, яғни ол мынаған тең:

mt = Т х МРС,

мұндағы: Т – салықтық төлемдердің мөлшері. Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының мультипликаторынан аз болады (МРС пен МРS-тің осы мөлшерлері кезінде). Демек, мемлекет шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек ықпал жасайды. Табыстар мен шығыстар мультипликаторларының бұл қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін баланстандырылған бюджет мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әрқайсысы 10 миллиард теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 миллиард теңгеге көбейетінін күтуге болады. Сонымен, баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:

mв = me + mt = 1

мұндағы:mв – баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы;me – шығыстардың мультипликаторы;mt – салықтардың мультипликаторы.

Бүгінде рыноктық үдерістерді мемлекеттік реттеу жүйесінде, өңірлік саясатты жүргізуде, экономикалық дамудың стратегиясын қамтамасыз етуде, өңірлердің қаржымен қамтамасыз етілуін теңестіруде, бірыңғай экономикалық және әлеуметтік кеңістікті сақтауда бюджет басты тетіктердің бірі болып отыр.

9.Қоғамдық тауарлар мен қызметтер өндірісіндегі қаржының рөлі Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді және шығарып тастау қағидатының әрекетіне ұшырамайды.Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың рыноктық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.Жоғарыда айтылғандай, қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде іске асатыны маңызды айырмашылықтар болып табылады.Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларға қалалар мен елді мекендердегі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды және басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде – құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ықпалына түсіп кетеді, яғни оларға баға белгілеуге және оларды кәсіпкерлік құрылымдар арқылы өткізуге болады. Мысалы, бірқатар медициналық қызметтер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтер көрсету мемлекет белгілеген кепілдікті ең төменгі деңгейден жоғары қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың, кітапханалардың, қоғамдық теледидар мен радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі және басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту ерекшелігі біріктіреді, мұның нәтижесінде жеке меншік сектор оларды жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтан ресурстарды бөлудегі үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежеде оларды өндіру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді; бұл – «аралық» қоғамдық қызметтер немесе квазиқоғамдық (квазимемлекеттік)тауарлар Кез келген жағдайда рыноктық жүйе не қоғамдық тауарларға («таза» қоғамдық тауарлар мен қызметтер үшін) ресурстарды бөлмейді, немесе оларды жеткіліксіз көлемде («аралық» қоғамдық қызметтер көрсету үшін) бөледі.Сондықтан мемлекет қаржысының механизмі арқылы мұндай тауарларды, игіліктерді және қызметтерді өндіру және қоғамды олардың белгілі бір көлемімен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді: салық және басқа міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, рыноктық тауарларды өндіруде, ал халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп, ресурстардың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктер, қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндірістер қаржыландырылады.Теориялық айқындамалар тұрғысынан қоғамдық тауарлардың оңтайлы саны тұтынушы таңдауының теориясына, тұтынушылардың соңғы қосымша өлшемді төлеуге жалпы әзір екендігі, яғни оның бағасы қоғамдық тауардың бұл өлшемінің шекті шығындарымен теңестірілгенде шекті пайданың шекті шығындарға (шекті пайдалылық теориясы) сәйкестігі қағидаты бойынша баға мен өндіріс көлемінің есептелуіне сәйкес анықталады. Алайда практикалық тұрғыда қоғамдық тауарларды пайдаланудан болатын өндіріс шығындары мен пайданы үнемі есептеу мүмкін емес, өйткені бірінші жағдайда құйылымның қосымша шығындарының болуы мүмкін, ал пайда көптеген тұтынушылар арасында «ыдырап тарап кетеді». Сондықтан қоғамдық тауарлардың санын «шығын-пайданы» талдау әдісімен анықтау мемлекеттік органдардың шешімдерімен толықтырылады. Және жалпы қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету, оларды өндіру үшін экономикалық ресурстарды бөлу проблемалары мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың, соның ішінде қаржылық саясаттың да предметі болып табылады. Мұндай шешімдер демократиялық жолмен – ел азаматтарының өз еркін білдіруімен қабылдануы тиіс, бұл саяси дауыс беру рәсімдеріне саяды. Сайлаушылар өздерінің ортақ мүдделері мен артықшылықтарын асқан дәрежеде қанағаттандыратын бағдарламалар мен олардың сыртында тұрған партияларды, саяси жетекшілерді таңдайды. Және, керісінше, олардың көңілін, разылығын ақтамаған және орындамаған немесе ішінара орындаған саяси жетекшілерді орындарынан кері шақырып алады. Сөйтіп, экономикалық ресурстарды қайта бөлу проблемасы саяси тұрғыдан салықтық-бюджеттік механизм арқылы шешілетін мемлекеттің қаржылық саясаты шараларының аспектісіне ауысады және қоғам дамуының бұл кезеңінің мемлекеттік қаржылық саясаттың тиімділігі мен мақсатқа сайлығының мән-мағынасын құрайды.



sitemap
sitemap