Психология шпор



Бағалаудың психологиялық аспектілері. Ж. Диагностикалық берілгендердің негізгі типтері (L, Q, Т-берілгендер). Бақылау мен олардың түрлері. Бақылаудың тиімді болуының шарттары: таңдамалылық, жүйелілік, толықтық. Аналитикалық бақылау: стандартталған және қадағалаушы сипаты, бақылау бірліктерінің (белгілерінің), берілгендерді тіркеу тәсілдерінің (бақылау карточкалары, бақылау хаттамасы) ерекшеліктері. Бақылаудағы жүйелі қателер мен бақылау нәтижелерінің сенімділік мәселесі. Эксперттік бағалау әдісі бақылау сенімділігін жоғарлату тәсілі ретінде. Эксперттік бағалаудың келісімділік және интеграциялану мәселесі. Әдістің алуан түрлілігі.

Ес психологиясы және жасөспірімдік шақта мнемоникалық қабілеттің дамуы. Ес дегеніміз- өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан , оларды қайта танып , жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субьект жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап өз пайдасына жаратады. Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрлі келесі негізгі 3 өлшемге сәйкес болуы шарт.1) әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес – қозғалысты, сезімдік, бейнелі және сөз- логикалы болып бөлінеді.2) іс- әрекет мақсатына орай ес ырықты және ырықсыз болуы мүмкін 3) дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орнына тәуелді жатталып , сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты-қысқа мерзімді ,ұзақ мерзімді және нақты қызметтік естер болып ажыралады. Мнемоника (гр. — есте сақтау өнері) табиғи ассоциацияларжасау көмегімен есте сақтауды қамтамасыз ететін, жасанды түсініктер арқылы қажетті мәліметтерді еске сақтауды жеңілдететін ережелер мен тәсілдер жиынтығы. Мнемоника таңбалары сақталып қалған не топталған бірнеше зат арқылы, солардың суреттерінен көрінуі мүмкін. Қазақстанның таулы аудандарында  танбалы тастар көп, солардың бетіндегі қолына найза, садақ ұстаған адамдар мен әр түрлі аң суреттері ерте замандағы аң аулау көрінісін еске түсірегін мнемоникалык таңбалар болып табылады. Мнемоника әдiс есте сақтау жеңiлдетедi, бiрақ тек қана жеке жағдайларда. Дегенмен мнемониканың қате қолдануы кейбiр жағдайларында зиян, механикалық жаттауды (логикалық ) мағынасын түсiнуде қиын. Мықты және бiр мезгiлде жадына жеңiл есте сақтау үшiн (мнемотехниканың әдiстерi)суреттер немесе басқа да жарқын бейнелер арқылы жеткізуге болады.Белгiсiз, абстрактiлi сөзді көпшiлiк адамдардға еске сақтау күрделi.бұндай сөзді жаттау бірнеше күннен соң естен шығады. Мықты және бiр мезгiлде жеңiл есте сақтау үшiн (мнемотехниканың әдiстерi) мазмұны бейнелермен, дыбыстық түрлермен күштi сезiнулермен байланысты болуы керек.



Жантану ілімінің даму тарихы. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен аралас, астарлас дамып келеді. ХІХғ.дың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын эксперимент жүзінде әр түрлі құрал жабдық, аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдынан дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дамыды. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі, шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатынжан дүниесі жайлы түрлі ой пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келген. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталды. Сол жылы неміс ғалымы Вундт Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.

Жеке адам және іс әрекет психологиясы.жеке адамның іс-әрекет психологиясы.әрекет –турлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс.Адамның іс-әрекеті курделі процесс.оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстармен жүйесі кіреді.адам әрекетінің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап,оны шамасынша өзгертіп отырады.жеке адам санасы психикасының дамуында іс-әрекет шешуші рөлімен қатар ,сана да іс-әрекеттің күрделіне түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымсыз қажет.Адам әрекеті сан алуан.оның негізгі түрлері болып саналатын-ойын,оқу еңбек әр уакыттағы белгілі 1 мақсат,міндеттерге бағытталып отырады.мотив-іс-әрек итермелейтін себеп.мақсат-адамның белгілі бір іске талпыну.

жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері. Ж.Жеке тұлғаның әлеуметтік бағыт-бағдары. Жеке тұлға – қоршаған орта туралы өзіндік түсінігі бар адам. Мемлекет негізі болып саналатын жеке тұлғалар бірігуі үшін оның психологиясын, ой-ниеті мен жүрек қалауын және т.б. жағдайларды ескеру қажет. Осы тұрғыдан алғанда «Бес Қарудың» әлеуметтік бағыты жеке тұлғалардың бірігуіне жағдай жасау, олардың мүдделері мен мақсаттарын бір арнаға тоғыстыру. Әрбір жеке тұлғаның негізгі мақсаты қандай? Жайлы да бақуатты өмір сүру, жерлестерінің құрметіне бөлену, өз халқын мақтан тұтып, жарқын келешекке және мемлекеттің өзін қорғайтынына сенімді болу! Әрбір адамның жеке тұлға болып қалыптасуы үшін, халық болып бірігуі үшін жағдай туғызу керек. Бірақ, олардың қоғамда өзін «жат» сезінуіне жол беруге болмайды. Себебі ол халықтың тұтастығына қауіп төндіреді.Әрбір оқушының танымдық іс-әрекетінін, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезінің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік – бұл, адамның өз басындағы қасиеттерінің бір-бірімен сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқылы көрініс табады. Әркім өзінің жеке даму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады. Мектеп оқушыларын олардын қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яғни, типология жүргізуге болады. /модель немесе типтердің көмегімен объектілерді біріктіру/

жеке тұлға түсінігі, жеке тұлға қажеттіліктері. Ж, ПСИ/ДА жеке тұлға ұғымының әр түрлі түсіндірмелері бар. Бірақ олардың барлығы мына түсінікке келіп тіреледі. Жеке тұлға дегеніміз-әлеуметтік қатынастармен саналы іс-ірекеттіңсубьектісі ретіндегі индивид. Жеке т-ның ең басты белгісі –оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік қызыметтерді атқаруы.Сонымен, тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйксінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие. Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн: Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады. Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кдергілерді жеңе отырып, жо,ары моральдық сезімдерімен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға “жеке бөліктерге” бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталғагн көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнелейді. Тұлғаның қажеттілігі — объективті шартталған, оның тіршілік етуіне қажетті материалды және әлеуметтік игіліктер мен оларға қол жеткізу бойынша іс-әрекеттегі ішкі сұраныстар

Жоғары мектеп психологиясының басқа ғылымдармен – философиямен, педагогикамен, акмеологиямен, әлеуметтанумен және т.б. байланысы. Ғылымда адам баласы әртүрлі тұрғыда: биологиялық феномен, әлеуметтік феномен, сана иесі ретінде қарастырылады. Осыған орай адам баласын зерттейтін көптеген ғылым түрлері бар. Бұдан психология ғылымының басқа ғылымдармен өзара байланысиа болатыны көрінеді. Психология мен әлеуметтану ғылымдарының қоғам мен тұлғаға қатысты мәселелерді қарастыруда ортақ тұстары өте көп. Тұлғаның даму ерекшеліетері, қарым қатынас жасау, топтағы жағдайлар сияқты көптеген мәселелер бойынша психология мен әлеуметтану ғылымдары өзара тығыс байланыс жасайды. Мәселен, әлеуметтану тұлғаны, оның қатаныстарын зерттеу әдістерін психология ғылымының қорынан алып, пайдаланады. Ал, психология экспериментік мәліметтерді жинақтау тәсілі қолданғанда әлеуметтануға арқаланады. Психология мен философия ғылымдары өзара тығыз байланысты дамып келеді. Психология мәселелері жылдар бойы философия аясында қарастырылды. Психология тек ХІХ ғ.дың орта кезінде ғана философиядан бөлініп шықты. Бірақ адам баласының жан дүниесі материалистік және идеалистік, биологиялық және әлеуметтік, субьективтілік және обьективтілік сияқты көптеген философиялық мәселелерден тысқары қарастырылуы мүмкін емес. Психология мен педагогика ғылымдары ажырамастай, өзара тығыз байланыста. Оқыту, тәрбиелеу процесстері адамның психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеруді, соларға негізделуді қажет етеді. Тіпті, ХХғ.дың бас кезінде балаға деген қатынастың психологиялық та, педагогикалық та жақтарын қамтуға талпынған кешенді бағыт – педалогия- бала жайлы ғылымның дүниеге келгені де белгілі.

Жоғары мектеп психологиясының зерттеу әдістері. Жоғары мектеп психологиясы кез келген басқа ғылымдар сияқты түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Зерттеу әдістерінің 3 тобы бар: 1. ұйымдастыру әдістері – салыстыру әдісі, лонгитюдті әдіс, кешенді әдіс; 2. эмпирикалық әдістер – байқау, өзін-өзі байқау, эксперименттік әдістер, психодиагностикалық әдістер, іс-әрекет нәтижесін талдау, биографиялық әдіс. 3. мәліметтерді өңдеу әдістері – сандақ және сапалық талдау әдістері. Салыстыру әдісі зерттелушілер тобын жас ерекшеліктеріне, жыныстық айырмашылықтарына, іс-әрекеттеріне байланысты салыстыра отырып, мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың, психологиялық актілердің жеке механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді. Лонгитюдті әдіс ұзақ уақыт бойы белгілі бір кәсіби дайындау жүйесіндегі субъектілердің психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу әдісі. Байқау әдісі адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын кейіннен талдап, түсіндіру үшін арнайы ойластырып, мақсат-бағдарлы, жоспарлы түрде біраз уақыт жүйелі қадағалау.

Жоғары мектеп психологиясының кағидалары мен құрылымы. ЖМП – болашақ маманның кәсіби білім беру жүйесіндегі психологиялық дамуы туралы деректерді, заңдалықтар мен механизмдерді зерттейтін педагогикалық психологияның бір саласы. ЖМП студенттерді оқыту процесін, олардың маман және тұлға ретінде даму көрсеткіштері мен өлшемдерін, қарым қатынас саласын, оқытушылардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.Негізгі міндеттері: — студенттердің толымды психикалық даму, тұлғалық жетілу механизмдерін зерттеу; — студенттердің маман, зияткер және тұлға ретінде дамып, жетілуіне барынша ықпал ететін әлеум-психологиялық , педагогикалық жағдайларды анықтап, жобалау; — студенттің маман және тұлға ретінде даму ерекшеліктерін анықтауға және жоблауға мүмкіндік беретін әдістемелік, психо-диагностикалық құралдарды жасау; -кәсіби білім беру субьектілерінің – оқытушылардың, әкімшіліктің, ұжымның психологиялық ерекшеліктерін және олардың студенттің психикалық дамуына ықпал ету механизмдерін зерттеу. Құрылымы: ЖОО-дағы –оқу әрекетінің және оқыту психологиясы, — даму психологиясы, — педагогикалық кәсіби іс-әрекет психологиясы бойынша әр жақты білім қамтылады.

Жоғары мектептердегі оқыту психологиясы. Ж.болашақ мамандардың оқу танымдық және оқу кәсіби іс-әрекетінің пси/лық негіздерін, оқу әрекетінің жетілу ерекшеліктерін, кәсіби білім беру жағдайында танымдық даму мәселесін, оқыту заңдылықтарын, студенттың шығармашылық әлеуеті мен субьектілік қасиеттерінің дамуындағы оқытушының рольын зерттейді. ЖМОП-НЫҢ негізіне болашақ маманның білімі, икемділіктері, дағдылары орнығып, жетілуін және пси/лық денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған оқыту және оқу теориялары, олардың формалары мен іс-тәсілдері қамтылады.

Жоғары психологиялық білім берудің өзекті мәселелрі: оның мазмұны. Қоғам өмірінің бар саласындағы қарқынды динамика мен ғаламды бет бұрыстар сипаты адам тағдырын өзгертуге сипат болды. Бүгінгі заман дүбіріне сай болу үшін адам баласы жаңа жағдайға бейімделіп қоя салу емес, оны алдымен өзін өзгерту және дамыту арқылы жасампаздықмен түрлендіру, өзгерту қажеттігі шықты. Мұндай өзгертулерге, түрлендірулерге адамның зор мүмкіндіктері мен шектері; тағдырын өз ырғымен билеуге және қоғамға ықпал етуге қабілеттері ықпал етеді. Осыған байланысты, психологиялық мүмкіндіктер өмір сүру мен әрекет таным мәнерлерінен және стратегияларынан танылатын тұлғаның ерекше, жеке дара құрылымы ретінде анықталады.

ЖОО оқутәрбие процесінің психологиялық жақтары. Оқу процесінде қолданылатын мәселелік тапсырмалар тым күрделі де, тым жеңіл де болмауы керек. Мұнда білім алушының қойылған міндеттерді сол сәтінде шешуге білімі, өзіндегі мәліметтер мүмкіндік бермегенімен, оның мәселені шешудің жолдары мен тәсілдерін өзбетінше меңгеруге әлеуеті, қабілеті, психологиялық мүмкіндіктері жеткілікті болуы қажет. Ойластырылып қолданылатын тапсырмалар студенттің жаңа білім мен ісәрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіруіне түрткі болады, тапсырманы орындауына эмоциялық негіз болатын психологиялық жайкүйін сипаттайды. Оқыту процесінде қолданылатын тапсырмаларды шешудің психологиялық негіздері бар: 1. Жаңа білімге, жаңа қатынастарға, ісәркеттің жаңа тәсілдерін іздестіруге танымдық қызығушылық пен қажеттіліктің болуы тиіс; 2.оқу процесінде пайда болған белгісізді, беймәлім жағдайды анықтауға ұмтылыс керек; 3. Қойылған мәселелік сұрақтар мен берілген тапсырмаларды орындау және беймәлім жағдайдыталдап, анықтау үшін білім алушыларда қажетті қабілеттің, психофизикалық мүмкіндіктердің, тұлғалық қасиеттердің жеткілікті жеткілікті деңгейде дамуы қажет; 4.қолданылатын мәселелік жағдайлар білім алушының жаңа білім мен ісәрекеттің жаңа тәсілдерін іздестіруіне түрткі болуы үшін оқыту процесі оңтайлы психоэмоциялық жағдайда жүзеге асырылуы тиіс.

ЖОО психологиялық педагогикалық технологиялар олардың жіктемесі.Білім берудің кез келген технологиясы-педагог пен білім алушылардың жоғары мектептің оқу- тәрбие процесінде атқаратын іс-әрекеттерінің жүйесі. Білім беру технологиялары ұйымдастырудың белгілі бір қағидаларына және мақсат мазмұнына әдістердің өзара байланысына сәкес нақты идея, концепция бойынша құралады. Осы кезге дейін технология ұғымын анықтауға жалпыланған тұрғының болмауынан оның түрлері бойынша жіктеме де көп. Дегенмен Г.К. Секов жасаған ағарту саласында қолданылатын жіктемесі әлде қайда нақты. Ол ерекшеліктері және қолдану мәнді қасиеттері бойынша технологияларды быайша ажыратқан:-қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық, дербес әдістемелік, локальді. -ғылыми тұжырымдамалық негізі бойынша: ассоциативтірефлекторлық, дамыту т.б -тұлғалық құрлымдарға бағытталуынаорай: ақпараттық, амалдық, эмоциялық-эстетикалық, өзіндік даму тех-лары т.б.-ұйымдастыру формаларына байланысты; сынып –сабақтық және баламалық, жеке дара және топтық.-басыңқы әдіс бойынша: догмалық; көрнекілікпен түсіндіру; ойын; шығармашылық.-дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау бағытына қатысты : қатынастарды ізгілендіру және демократияландыру негізіндегі; оқушылардың іс әрекетін белсенді және қарқынды ету негізіндегі. -оқушылардың категориялары бойынша: алдыңғы қатарлы білім беру; компенсацияаушы; виктимологиялық, бұқаралық технология.Оқу орындарында және басқа да білім беру салаларында оқыту технологияларының әр түрлері қолданылады. 1. Оқытудың құрлымдық-логикалық технологиялары2ойын тех –ры: 3. Компьютерлік ақпараттық тех-лар; 4. Диалогтық тех-лар; 5. Тренингтік тех-лар.

ЖОО-дағы оқу үрдісін ұйымдастырудың формаларын (лекция, семинар, т,с,с) психологиялық талдау. Ж. Пси/я сабағы бойынша практикалық жұмыстарды отырудың маңызы зор. Өйткені, студенттер осы пәннен алған теориялық білімдерін тәжірибе арқылы нығайтып бекіндіргенде ғана олардың психикалық дайындығы пәрменді болып, оқу-тірбие процесі қоятын талаптарға сәйкес келіп отырады. Бұларды өткізудің бір тимды жолысеминар түрінде өткізу. Мұндай семинарларда белгілі бір тақырып бойынша ұйымдастырылған эксперименттер, мектепте жүргізілген байқаулардың нәтижелерін талдау. Мәселен, студент мектептегі практика кезінде мұғалымның жетекшілігімен түрлі психикалық құбылыстарын (зейін, ес, ойлау,сөйлеу,мінез,терпамент т,б)зерттеп, олардың әр адамдағы ерекшеліктерін байқайды. Осы барыстағы үйренгендерін семинар сағатында талқыға салады.мұндай жұмыстарды жүргізіуде оқылған лекцияның маңызы өте зор, сондай-ақ мұндай жұмыстар кезінде мұғалымның кансультация алып отырған маңызды.

Зейін психологиясы және жас өспірімдік шақта зейіннің дамуы. Психикалық іс әрекеттің мақсат бағдарлары және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой санасын істеп жатқан әрекеті мен сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Өзінің пайда болуы мен іске асу жағынан, әдетте, зейін ырықсыз және ырықты болып екі түргі бөлінеді. Ырықсыз зейін- ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен бірге енжар еріксіз деп те атайды, себебі ол адамның алдына қойған мақсатына тәуелсіз туындайды әрі әрекетке қосылады. Ырықты зейін – саналы мақсатқа тәуелді келеді. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып , оның еңбектік салуларының нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті белсенді ниеттелген деп сипатталады. Зейін әдетте адамның бет дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Зейін іс әрекетті бақылау және реттеу қызметін атқарады. Зейін адам санасындағы ойлар мен бейнелерге бағытталады. Зейін – жаттықтыруға болатын процесстердің бірі. Жүйелі әрі арнайы жаттығулар арқылы зейіннің кез-келген қасиетінің сапасын елеулі жетілдіруге болады. Ырықсыз зейінді дамыту ерік қасиеттерінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Мектептегі оқу-тәрбие істерінің бәрі де балалардың ырықты зейін қалыптастырып, дамытып отыруды қажет етеді. Бұл үшін бастауыш сыныптарда оқу әрекеті балалардың шама-шарқына қарай қызықты етіп ұйымдастыруға тиісті. Талпынысының нәтижелі болуы баланың өзіне деген сезімін арттырады. Сабақта оқушылырдың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіре жүргізіп, әр түрлі әрекет жасатып, ырықсыз зейінін ырықты зейінге аударып отыру керек. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Сабақ үрдісінде оқушыны таңдандыратын қызықты әдемі, көрнекі заттар, шығармаларды пайдаланып, оның ырықсыз зейініне сүйене отырып, сол зейінді тұрақтандыруға, біртіндеп ырықты зейіннің қалыптасуына көңіл бөледі. Бұл үшін оқу материалының нақтылығы, мазмұндылығы, тартымдылығы, эмоциялық сезімге қанықтылығы болуы қажет. Дегенмен, мектепте оқу-іс әрекеті әрдайым қызықты бола бермейді. Бала үшін қызық емес, тіпті оларды жалықтыратын, бірақ білуге тиіс қажет материалдар да болады. Сондықтан да, оқу іс-әрекеті барысында оқушының ырықты зейінін де қалыптастырып, дамыту қажет. Бұл үшін сыныпта оқушының даму аясына сай мақсатты, тартымды оқу іс-әрекеті ұйымдастырылуы керек. Оқу іс-әрекеті түрлендіріліп, бір түрден екінші түрге ауысып отырады. Іс-әрекеттің жаңа түрі оқушының ырықты зейінін оятып, тұрақтандырады. Алғашқы оқу жұмысына үйретуде белгілі бір оқып-үйреніп отырған пәнге баланың зейінін ерекше шоғырландыру, ол үшін баладан сабаққа дайындалуды талап ету, бала зейінін ұзақ уақыт сақтай білуге, тұрақтандыруға үйрету. Оқу жұмысында үйреншікті зейіннің маңызы зор. Ол құбылыстар мен заттардың, мазмұндық материалдардың санада тез бейнеленуін, сөйтіп, қабылдау үрдісінің тез, оңай болуын қамтамасыз етеді.Үйреншікті зейін көпшілік жағдайда оқушының өз зейінін өзі басқаруынан көрінеді. Бұл көбінесе жоғарғы сынып оқушыларына және ересек адамдарға тән.Көптеген жағдайларда, мектепте оқу іс-әрекеті барысында мұғалім оқушы зейінін ұйымдастырып отыруға тиіс. Сонымен бірге оқушының өз зейінін басқара аларлық дағдысын мектеп психологымен біріге тәрбиелеп отырған жөн.Оқу материалын меңгеру тиісті объектіге зейін аудару, түйсіну, қабылдау және ол қабылдағандарды еске сақтау үрдістері арқылы жүзеге асырылады. Тиісті ұғым-түсініктерді меңгеру аталған психикалық үрдістерді дамыту шарттарының бірі. Зейін — таным үрдісінің басты факторы. Зейін дербес үрдіс ретінде емес, ол танымдық әрекеттердің іске асуына басты жағдай ретінде орындалады. Өзін-өзі байқауда, сырттан байқауда ол кез-келген психикалық іс-әрекеттің өзінің объектісіне бағыттылығын, белсенділігін және шоғырлануын қамтамасыз етеді де, сол іс-әрекеттің бір жағы немесе қасиеті ретінде болады. Кез-келген бақылау зейін емес, ал кез-келген зейін — ол бақылау. Бақылау іс-әрекетті немесе оның нәтижесін бағалайды, ал зейін оны дамытады, жақсартады.

Қабілет туралы жалпы ұғым. Қабілет — іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілеттілік күнбе-күнгі тәжірибеде жиі кездеседі. Мәселен, оқуға бар ықыласымен берілетін оқушыларды біз «мынау оқушы қабілетті оқушы екен» дейміз, не болмаса оның кейбір пәндерді жақсы үлгеруіне байланысты бір оқушының математикаға, екіншісінің әдебиетке, үшіншісінің географияға қабілеті бар екен дейміз. Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейі (жұрттың бәріне ортақ) репродуктивтік десе, екінші негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде іске асыруда икемділік көрсетсе, екінші деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкіндігін байқатады. Біркелкі тең жағдайда (дайындық деңгейі, білімі, дағды, білік, жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу кісіге қарағанда істі орындауда жақсы нәтиже көрсетеді. Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі — «талант», «дана» деген терминдермен аталады. . Қабілет жалпы, арнаулы болып бөлінеді. Жалпы қабілет бұл адамның ақыл-ой қабілеті. Арнаулы қабілет — іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т.б. арнаулы салаларда, жоғары нәтижеге жетуге жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі. Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді.

Қазақ психологиясының даму тарихы. Елімізде психология ғылымының қалыптасы мен дамуы 3 кезеңнен тұрады. Олар кеңес үкіметі орнағанға дейін қазақ психологиясы бұл осы ғылымның ілкі бастауы (15-20ғ), оның екінші кезеңі кеңестік марксистік психология деп аталады(1920-1990ж), 3ші кезең егемен тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасып жатқан ғылыми психология дамуының жаңа кезеңі болып есептеледі.(1991-2001).  Жан құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді тағы басқа ақын-жыраулар мен ғұлама – ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында тұңғыш ре психология кафедрасы, 1947 жылы қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды. Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М. Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі», Қ.Жарықбаевтың «Қазақ психологиясының тарихы», Т. Жүкештің «Ұлттық психологияның сипаты»тағы басқа толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады. Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр.

Қазіргі заманда психологиялық білімнің рөлі. Жоғарғы мектепте кәсіби даярлаудың маңызды бір құраушысы болып табылатын психологиялық білім беру студенттердің тұлға және маман ретінде дамуында аса маңызды орын алады. Әрі 20ғасырдың басында жаппай сауатсыздықты жою міндеті тұрса, осы ғасырдың бас кезінде әлеумет үшін жаппай психологиялық мәдениетті игеру аса өзекті мәселе болып тұр. Қазақстанда рухани даму мәселесінің психологиялық, әлеуметтік, экономикалық шешімдері белсенді іздестірілу кезінде ісәрекеттің, қарымқатынастың және өзіндік дамудың нәтижелі, игілікті орындалуын қамтамасыз ететін психологиялық білім қазіргі кәсіби дайындау жүйесінде аса көкейкесті мәселе болып отыр. Себебі қазіргі кезде кездесетін жастардың девиантты мінезқұлқы, енжарлығы, ұрыншақтығы, қатігездігі көбінесе психологиялық сауатсыздықтың салдары деуге болады.

Мінез және темперамент. Мінез-адамның негізгі өмірлік бет алысын және өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың барі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанымен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. Темперамент – организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент адаиның жалпы қозғалысынан да, психиканың күшімен тереңдігінен де, адамның көңіл күйінің ерекшеліктерінен де, эмоция сезімдерінен де жақсы байқалып отырады.

Ойлау және студенттік шақта ақыл-ой әрекетін дамыту мәселесі. Ойлау – бұл тұлғаның шындықты жалпылама және жанама бейнелеуге бағыттталған танымдық әрекеті. Түйсік пен қабылдаудан бастау ала отырып ойлау тікелей сезімдік біліктер аймағынан шығып нақты қабылдаумен білуге мүмкін болмаған дүние құбылыстарын жанама қорытындылау арқылы біліп танымдық шектерімізді кеңейтуге жәрдемдеседі. Бір нәрсені ойлағанда біз арқашанда ұғымға сүйенеміз. Ұғым дегеніміз- зат немесе құбылыстың жалпы сондай-ақ мәнді қасиеттерін бейнелейтін ой. Ойлаудың ең жоғарғы формасы – сөзді логикалы ой. Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы- ой қортындылар деп аталады. Көлемдік ауқымына орай ойлау әрекетінің түрлері дискурсивтік, өз кезең кезегімен өрістей дамыған ойлау процессі. Интуитивтік желісі қарқынды кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғылмаған ойлау процессі.шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялық және практикалық болып бөлінеді. Шешілуі тиіс әрекетттің мазмұнына қарай затты әрекеттік, көрнекі бейнелі, сөзді логикалы болып түрленеді. Әр адамда оның ақыл қабілетіне орай өзіндік ойлау ерекшелігі болады. Осы ерекшеліктен тұлғаның ақыл сапасы көрінеді. Тұлғаның ойлай дербестігі оның жаңа мәселелер мен проблемаларды қоя біліп оларды тың әдістермен шеше білуінде ал бүкіл қабілет өз кезеңінде ойлаудың белсенділігімен міндеттер мен мәселелерді өз бетінше шешуге ұмтылыс жасап шешім жолдары мен құралдарын ойластыра алумен байланысты. Ақыл-ой тәрбиесі — балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары — талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т.б.), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т.б.) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің  ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т.б.) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін  шешу мүмкін емес. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар: ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау; негізгі ойлау операцияларын меңгерту; зиялылық біліктерді қалыптастыру; дүниетанымды қалыптастыру.

Психология курсының пәні, мақсаты, міндеттері мен маңызы. мақсаты: болашақ мамандардың негізгі Психологиялық ұғымдар бойынша ғылыми-теориялық кӛзқарастарын қалыптастыру; психологиялық ғылыми туралы түсініктерді дамыту. Пәннің міндеті: жаратылыстану және гуманитарлық пән ретінде психологияныашу;- субъектініңіс-әрекеті, танымыжәнеқарым-қатынасы ретіндеадамды психологиялық тұрғыдан талдау; — негізгі психологиялық ұғымдар, оның анықтамаларымен таныстыру және олардың мазмұны мен мәнін түсіну; — оқу-танымдықіс-әрекет барысында алған білімдерді ӛз бетінше пайдалану;- болашақ практикалықіс-әрекетінде психологиялық білімдерді қолдану. «Психология» пәніноқу орта мектепте жантану, әдептану сабақтары бойынша алған білімдергенегізделеді. Психология пәнаралық байланыстармен, яғнифилософиямен, педагогикамен, психологияныңбасқа да салаларыментығызбайланысыпжатады. Психология пәні — ӛзінің даму тарихы, зерттеуәдістері бар. Жалпы психологияның пәнінесондай-ақ психология ғылымдарыныңметодологиялық мәселелері, оныңӛзқұрылғылары мен пәнаралықбайланыстары да кіреді. Зерттеудің жаңа әдістерін жасау, құрылымдардызерттеу: табиғи және жасанды (лабороториялық) жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жынысын зерттеу іс-әрекетін: қоғамдық мінез-құлықтың және тіршіліктің субъектісі болып табылатын адамның жеке басының дамуын, құрылымдарыныңзаңдылықтарын табу, психологиялықғылымдардың теориялық және фактілер қорын жалпылау жатады. Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдықкәсіпкерлік, кейжағдайда саясаттық  және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттіңнегізі ретінде зерттеу. Міндеттері: 1. Негізгі психологиялық ұғымдар, оның анықтамаларымен таныстыру және олардың мазмұны мен мәнін түсіну; 2.Психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен дамуы барысын талдау; 3.Психикалық құбылыстардың физикалық тетіктерін зерттеу; 4.субьектінің іс әрекеті, танымы және қарым қатынасы ретінде адамдыпсихикалық тұрғыдан талдау; 5.болашақ мамандардың ісәрекетінде психологиялық білімдерді қолдану; 6.әлеуметтік ортада азаматтардың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатын дүниетанымды көзқарасын, мінезқұлқын, қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру.

Психологиялық таным процесстер.танымдық проц-р:Зейін-сананың қандай болсада затқа құбылысқа н/е іс-әр бағытталуы және шоғырлануы.Түйсік –біздің айналамызда ішкі жан дүниесізде не болып жатканын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс,соның жағдайына қарай қимыл жасауға тырысамыз.көру-180 турлі тусті 10 000нан астам реңкті айыра алад.есту-кулак 3 болимнен турад.иіс –мурын.дәм.сипап сезу.ес.ойлау-заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарынолардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін процесс.сөйлеу.

Сөз сөйлеу стильдері. Сөз сөйлеу стилдері: күнделікті тұрмыстық, көркемдік, іскерлік, ғылыми түрде болады. Аталған стильдер сөздердің мағынасынан ап-айқын көрініп тұрады. Күнделікті-тұрмыстық стиль тұрмыстық қарым-қатынас тақырыбына байланысты. Ауызекі сөзде бұл стиль әңгімелесу арқылы, ал жазбаша сөзде жақын адамдардың бір-біріне жазған хаттарынан аңғарылады. Көркемдік стиль проза мен поэзияның түрлі формалары арқылы танылады. Іскерлік стиль еңбек үстіндеігі ресми қарым-қатынасқа байланысты болады жәнехаттама, талқылау, арыз, акт формасында жүзеге асады. Ғылыми стиль оқып білім алу, танымдық іс-әрекетке байланысты және лекциялар мен ғылыми еңбектерде айқын байқалады. Әрбір стильге өзіндік лексика (сөз саптау) және өзіндік сөйлем құрылысы тән. Қарым-катынас практикасы адамның өзіндік қасиетін құратын сөйлеу стилін қалыптастырады. Адамның сөйлеу мәдениеті мен сөз сөйлеуге жан-жақты төселуі оның сөйлеу стилін қарым-қатынас ситуациясына бағындыра білуінен көрінеді.

Сөйлеу туралы ұғым. Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, өз қимыл-қозғалыстарын басқару, реттестіру үшін басқалармен қарым-қатынасқа түседі. Бұл үшін ол белгілі бір ұлттың, тілінің грамматикалық ерекшелігіне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайдыТіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі — оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз — адамның . Сөйлеу қарым қтынасы тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді. Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік — синтездік қызметінің нәтижесі. Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен қызметін қажет етеді»-, дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады. Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның бірнеше түрі бар. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін логопед-дерігерлер жасап отырады. Сөз әлдебір нәрсені хабарлау үшін заттың атауын, қимылды, қалыпты т.б. білдіруі керек. Сөйлеудің бұл функциясы сигнификативтік деп аталды. Сигнификативтік функция адамның сөйлеуін жануарлар коммуникациясынан айырып тұрады. Жануарлар шығаратын дыбыс объекті білдірмейді, қорқыныш жағдайын, аштықты немесе қанағаттанғандықты білдіреді, бұлардың белгілі бір жануарлар тобына ортақ болуы себепті осы дыбыстар өзгелері үшін сигнал болып табылады. Ал адам заттың немесе құбылыстың атын атап сөйлейді. Сөйтіп, қарым-қатынас процесінде бірін-бірі ұғысу сигнификацияның бірлігіне негізделген. Мұны сөйлеуді үйренудің алғашқы кезеңінде оңай аңғаруға болады. Көрсетіп тұрып айтсаңыз бала сөздің нені білдіретінін ұғады. Көрсету дегеніміз — көз алдындағы затты оның қалай аталуымен ұштастыра ұғындыру. Сөйлеудің екінші функциясы — жалпылау. Сөз жеке затты ғана білдіріп қоймайды, бір-біріне ұқсас заттар тобын да білдіреді және әрдайым олардың елеулі ерекшеліктерін көрсетіп береді. Сөзді жалпылау функциясы ойлаумен тығыз байланысты. Егер сигнификативтік функция сөзді барлық сана бейнелерімен байланыстыратын болса, ал жалпылау сөйлеудің ойлаумен тығыз байланысын білдіреді. Сөйлеу абстракты-логикалық ойлау үшін неғұрлым адекватты ойдың өмір сүруінің формасы болып табылады. Сөйлеудің үшінші функциясы — коммуникация функциясы — білімді, қатынасты, сезімді сыртқа шығару. Егер, сөйлеудің алғашкы функциясын ішкі психикалық іс-әрекет деп қарауға болса, коммуникативтік функция — басқа адамдармен қатынас жасауға бағытталып, өзгелерге естірте, дауыстай сөйлеу әрекеті. Сөйлеудің коммуникативтік қызметін: информациялық, баурағыштық және ырықты білдіру деп үш түрге бөлуге болады. Сөйлеудің информациялық жағы білім беруде көрінеді және белгілеу, қорыу, функцияларымен тығыз байланысты болады. Информациялық жағы ойды тап басып білдіретін, сөз таба білуді қажет етеді. Сөйлеудің баурағыштық жағы сөйлеушінің тыңдаушыға деген қатынасын және сезімін жеткізуге көмектеседі. Мысалы, оңаша сырласқан шақта адамның даусы бір түрлі, ал ресми әңгімеде екінші түрлі болып шығады. Ішкі ойымен орайласа айтылып, жалынды сезімді білдіретін сөздер дәлелді болмаса да адамды сендіреді. Ырықты білдіре сөйлеу тындаушының әрекетін сөйлеушінің ниетіне бағындыруды көздейді. А. С. Макаренко «Мұнда кел» деген сөзді жиырма түрлі сарынмен айтуды үйренгенше өзін шебер педагог есептемегені жайлы жазған болатын. Комуникативтік фнкцияның бұл жағы сөйлеуде сезім мен қатынасты білдірумен тығыз байланысты. Балалармен жұмыс істеу кезінде коммуникацияның әсерлілігін анықтайтын қатынас стилі қалыптасады. Сөз дауысты көтермей, жай ғана ақырын айтылуы немесе айқайға пара-пар катты шығуы мүмкін. Бірақ ол әрқашан мазмұнымен және формасымен әсер етеді. Дауысты көтере сөйлеу қарым-қатынаста биязы сабырлылық болған жағдайда ғана әсерлі болмақ. Ондай дауыс немкұрайдылықты білдірмейді, әрі тебіреніс-толғаныс күйін танытады. Нақ осы тұрғыда дауысты көтеру тындаушысын елең еткізеді, ұйып тыңдауға шақырады. Жайшылықта айқайлап сөйлейтін адам даусын одан сайын көтерсе әсерсіз болады. Мұндай жағдайда керісінше, дауысты төмендетіп жайлап сөйлеген әсерлірек. Бұл сияқты құбылыс сөздің мағыналық жағында да байқалады. Мысалы, адамның жанын тебірентетін асқақ сөздерді күнделікті қарым-қатынаста бет алды оңды-солды айта беру бұл сөздердің құнын түсіреді. Мұндай құбылысты сөздің құнсыздануы (девальвациясы) депатайды

Сөйлеудің түрлері. Психологияда сөйлеуді сыртқы және ішкі деп екі формаға бөледі. Сыртқы сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.Ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып бөлінеді. Диалогты сөйлеу. Диалог дегеніміз — екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Диалог сөйлесу немесе сөз жарыстыру формасында етеді. Диалогты сөйлеу сөйлесудің неғұрлым қарапайым түрі. Біріншіден, диалог — қуатталып отыратын сөйлеу. Тыңдаушы әңгіме үстінде бір нәрсені анықтамақ болып сұрақ қояды, жанындағы адамның ойын қорытуы, өз тарапынан сөз қыстыруы да мүмкін. Бұл жағдай сөйлеушінің өз ойын түгел айтып беруіне, сөз болып отырған затқа қатынасын білдіруіне және тыңдаушыға сөзін түсіндіре алуына көмектеседі. Екіншіден, диалог сөйлеушілердің әлденеге тебірене-толқи сөйлеп, бір-бірін еліктіріп әкетуі жағдайында етеді. Сөйлеушілер қолды сермей сөйлеу, ымдау, мимика, дауысты құбылту арқылы бір-біріне әсер етеді, көбінесе талқылап отырған затты бірлесе бақылайды. Монологты сөйлеу. Монологты сөйлеу дегеніміз — бір адамның өз ойын, білімін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме, лекция, сез сөйлеу формасында керінеді. Монологты сөйлеу диалогты сөйлеу негізінде дамыды. Диалогты сөйлеуде бір сөйлеуші хабарлап отырған материалдың көлемінің ұлғаюы біртіндеп жаңа сапаға жеткізеді, яғни монологты сөйлеуді туғызады. Монологты сөйлеу де қарым-қатынас жағдайында дамиды, бірақ мұнда қарым-катынас сипаты басқаша. Атап айтқанда монолог үзілмейді, сондықтан сөйлеушінің қимыл-қозғалысы, ым-мимикасы мейлінше әсер ететін болады. Тыңдаушылардың әлпетіне карап ол сөзінің оларға қаншалықты түсінікті және әсерлі екенін ғана байқайды. Сейтіп монологты сөйлеу аудиториямен тығыз қатынаста етеді деу керек. Монологты сөйлеуде диалогты сөйлеуге қарағанда сөздің мағыналық жағы анағұрлым елеулі түрде өзгеріске ұшырайды. Монологты сөйлеу — байланысты, тұжырымды болып келеді. Монолог логикалық ойға койылатын дәйектілік, дәлелділік сияқты талаптарға бағынады. Бұл ойдың байланыстылығын қамтамасыз ететін бірінші шарт болып табылады. Бірінші шартпен тығыз байланысты екінші шарт – сөйлемдерді грамматикалық жағынан мүлтіксіз жатық құру. Диалогты сөйлеуде аяқталмаған ой, екі ұшты қолданылған сөздер онша аңғарылмайды Лекцияның әңгімеден айырмашылығы, мұнда құбылыстар жай ғана суреттеле баяндалып қана поймай, сонымен бірге себеп-салдарлық байланысты іздестіру, белгілі бір ғылыми қағидаларды дәлелдеу жүзеге асырылады. Баяндама жасау және сөз сөйлеу монологты сөйлеудің формалары болып табылады. Баяндама дегеніміз – құжаттарға негізделген, белгілі бір мәселе төңірегіндегі сарапталған ауызша хабар. Мысалы, оқу жылының қорытындысы туралы мектеп директорының баяндамасы, жүргізілген ғылыми эксперименттің нәтижелері туралы баяндама. Жазбаша сөз сөйлеу. Жазбаша сөз сөйлеу ауызша сөз сөйлеуден кейін пайда болды. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Адамзат мәдениеті дамуының алғашқы кездерінің өзінде-ақ адамдар белгілі бір оқиғалар туралы деректерді ұзақ мерзімге сақтау қажеттігін сезіне бастаған. Жазбаша сөз сөйлеудің алғашқы қадамы — болған оқиғаны сурет арқылы беру амалынан басталады.Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Іштей сөйлеу. Осы сөздің мағынасынан-ақ көрінетіндей, іштей сөйлеу басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға арналмайды. Іштей сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Іштей сөйлеу — адамның өзімен-өзі сөйлесуі. Ол алғашқыда «ар үні» деп аталып, түсіндірілді. Іштей сөйлеуде ой ағымы болады, әлдебір шешім туып, әрекет жоспарланады. Іштей сөйлеудің негізгі белгісі — оның дауыстап айтылмауында, оны айналадағылар естімейді. Іштей сөйлеу ішкі күбірлеуден және іштей сөйлеуден тұрады. Іштей сөйлеу сыртқы сөйлеудің негізінде қалыптасады. Сыртқы сөйлеуді ішкі сөйлеуге айналдыру – интериоризация деп аталынады. Мұндай ауыстыру балаларда шамамен үш жаста байқалады, яғни балалар өз-өзімен сөйлесе бастайды. Бұл сөйлеу бірте-бірте азая келіп, іштей сөйлеу формасына айналады. Іштей сөйлеудің сыртқы сөйлеуге алмасуы экстериоризация деп аталады. Адам іштей ойын ойлап, сыртқа шығарады.

Студент ерекшеліктерінің сипаттамасы. Студентке жас ерекшеліктің барлық жалпы сипаттамалары тән болады: 1) биологиялық жағынан – жоғары жүйке қызметінің нақты бір типі; шартсыз рефлекстер; генетикалық қасиеттер; физикалық күш қуат, т.б. 2) психологиялық жағынан – когнитивті процестердің, психикалық күйлердің және тұлғалық қасиеттердің бірлігі арқылы анықталады. 3) әлеуметтік – қоғамдық қатынастар, әлеуметтену жағдайы, нақты бір әлеуметтік топтың мүшесі ретінде әлеуметтік болмысы құрылады. Осыған орай студенттің дамуы когнитивтік, тұлғалық, аффектілік қырларындағы жаңақұрылымдармен сипатталады. Когнитивті дамуы: жоғары мектептегі оқу әрекетінің табысты болуы үшін студенттің жалпы зияткерлік деңгейі жоғары болуы қажет. Нақтырақ студенттердің қабылдауы, түсінуі, ес процесі, ойлауы, зейіні, эрудициясы, танымдық қызығушылығының кеңдігі, логикалық операциялардың белгілі бір түрлерін меңгеруі жоғары деңгеймен анықталуы тиіс. Аффектілік дамуы: жасөспірім кезеңінде тұлғаның эмоциялық-аффектілік саласы белсенді болады. Жоғары оқу орнына түсу, жаңа орта, жаңа таныстық негізінде студенттердің эмоциялық саласына көптеген өзгерістер тән. Студенттердің дербестік, сыншылдық, өздеріне сыни көзқарас танытуы және өздеріне қатысты екіжүзділікті, дөрекілікті, жәдігөйлікті, арамзалықты қабылдамауы оларлың эмоциялық әлемін сипаттайды. Тұлғалық дамуы: бірінші жасөспірім кезеңінде дамуы жеткіліксіз болатын, бірақ, жасөспірім кезеңінің екінші фазасында – студенттік шақта әбден орнығып тұрақталатын қасиет субъектілік болып табылады. Студенттік кезеңде қарқынды дамып, бекитін субъектілік қасиеттерге мыналар жатады: мақсаткерлік, шешім қабылдай алу, табандылық, дербестік, бастамашылық, т.б.

Студент тұлғасының оқу және тәрбие процесінде дамуы.Оқу әрекеті әлеуметтік қажеттілік ретінде адамзат тіршілігімен бірге пайда болып,жүзеге асырылып келеді.Оқу –білім алушының мәдени тәж-ні игеруге бағытталған іс-әрек.Оқу психологияда заттық ж-е танымдық әрекеттер арқылы танылатын әлеуметтік белсенділіктің ерекше формасы.оку- студенттердің пікірсайыс арқылы теориялық білімді,дағыды мен бірліктерді меңгеруге бағытталған іс-әр бірі.оқу әрекет жузеге асыру формасы –материалдық (улгиге,нобайға),перцептивти(оку мазмунын қабылдауға),дауыстап сойлеу ж/е акыл ой(ойлау) турінде болады.оқу деңгейі 2:1)өнімді – студ жаңа жағдаятта оқу міндетін қойып,өз бетінше шеше алады,оқу тәсілд жаңа турлер қолданады2)репродуктивті-студ оқу міндетін нұсқауға қарап жасайд

Студент тұлғасының типологиясы. кез-келген тулға жеке-даралықпен сипатталатын психолог ғылымында белгілі тұжырым.дегенімен әлеум ортадағы мәдениет,қоғамдағы қмір сурудің жалпыланған жағдайы адам жеке дара шексіз етпейді.кез- келген адамның тұлғалық болмысы басқаларға ұқсас,типпен сипатталады.Лисовский 11 1)уйлесімді2)кәсіпкой3)академик4)коғамшыл5)өнер суйгіш 6)табанды ынталы 7)орташа8)жалқау 9)тунілген 10)шығармашыл11)аксуйек.Өзінің таңдаған мамандығына сай білім алуға қатысты-1)білім алуға бағдарланған2)бизнеске бағдарлану(26)3)анықтай алмағандар.психолог эксперемент барыс студ 5-1)жаттампаз2) ақылды озат 3)еңбекқор 4)адасқан 5)ермек іздеген.

Студент ұғымы. ХІ-ХІІ ғ.ғ. әлемде алғаш университеттердің пайда болуымен байланысты “студент” ұғымы қолданысқа енген. Аталмыш ұғым латыннан қазақ тіліне аударғанда “ ынтамен еңбек ететін”, ”ыждахатпен тырысып оқитын” деген мағынаны білдіреді. Студенттік шақтағы даму ересек адамның даму сатыларына сәйкес болады. Студенттік шақ “жетілу мен кемелденудің арасындағы өтпелі кезең” ретінде анықталып, “екінші жасөспірім шақ” немесе “ерте ересектік шақ” д.а. И.А.Зимняя студенттерді “жоғарғы білім беру институтының ұйымдастырып, біріктірген ерекше әлеуметтік топ, адамдардың өзгеше бір жинағы” ретінде қарастырып, студенттік шаұтың сипаттамасын береді. Автор басқа адамдар тобына қарағанда білім деңгейінің; танымдық мотивацияның; әлеуметтік белсенділіктің жоғары болуын және зияткерлік пне әлеуметтік кемелдіктің жеткілікті түрде үйлесімді өрілуін студенттік шақтың негізгі ерекшеліктері ретінде бөліп көрсетеді.

Студенттердің өзіндік жұмысы- субъектілердің даму шарты. Өзіндік жұмыс студенттердің бағдарлары мен ұстанымдарын өзекті етеді; «динамикалық мағыналық жүйе» пайда болады; «мен үшін мәнді» дейтін жағы алынады.Студенттердің субъектілігі мен кәсіби даярлығын шарттастықта дамытуға бағытталған оқыту процесінде бірқатар маңызды қағидалық жағдайлар ескерілуі тиіс:- оқытушы да, студенттер де оқу-кәссіби іс-әрекеттің субъектісі болып, бұл іс-әрекет директивті емес сипат алуы керек;-оқыту барсында мәселелік жағдаяттар қолданылып, ол студенттер үшін маңызды тіршілік әрекетімен, өмір жағдайымен байланысты болуы қажет;- мәселеерді қою және оларды шешуге қажетті білім беру керек-теорияны практикамен байланыстыру, мәселелік жағдаяттарды шешу бойынша оқыту нәтижесін анықтау қажет; — студенттер мен оқытушылар оқыту процесі, оның нәтижеллері үшін өздері жауапты болуы қажет;-диалог оқытудың өзегі болуы керек;-білім меңгеруде студенттердің өзіндік жұмысы, оның нәтижелі болуы шешуші рөл атқаруы тиіс.

Студенттік шақтағы тұлғалық даму ерекшеліктері.Студенттің тұлғалық дамуы 2 кезеңнен тұрады. Бірінші жасөспірім кезеңінде дамуы жеткіліксіз болатын, бірақ, жасөспірім кезеңінің 2-ші фазасында – студенттік шақта әбден орнығып, тұрақталатын қасиет субъектілік болып табылады. Студенттік кезеңде қарқынды дамып, бекитін субъектілік қасиеттерге мыналар жатады: мақсаткерлік, шешім қабылдай алу, табандылық, дербестік, бастамашылық т.с.с. Сондықтан болар, К.Д. Ушинский студенттік шақты «шешімді аса батылдықпен қабылдай алатын шақ» деп санаған. Сон. қатар В.Т. Лисовский 19-20 жасты белгілі бір адамдар үшін, іс-әрекет үшін, өз табысы үшін қатерге риясыз бел байлау және жан-тәнімен толық берілетін шақ деп санайды. Тіпті, студенттердің когнитивті даму деңгейіндегі кейбір осал, төмен тұстарының орнын олардың субъектілік, тұлғалық қасиеттері басады. Мұндай орын басатын, өтемдік әсері бар қасиеттердің алдыңғы қатарында оқу әрекетіндегі жоғары мотивация, еңбек-сүйгіштік, табандылық, тиянақтылық және ұқыптылық тұрады. Екінші жасөспірім шақ адамгершілік және эстетикалық сезімдердің аса жоғары дамуымен; мінездің тұрақтануымен; ересек адамның барша әлеуметтік рөлдерін толық меңгерумен ерекшеленеді. Сондай-ақ студенттік шаққа өндіруші іс-әрекетпен айналысу, еңбек ете бастау, отбасын құру сияқты «экономикалық белсенділіктің» басталуы тән. Студенттерге мотивациядағы; құндылықтар жүйесіндегі өзгерістердің қарқынды динамикасы тән болады. Әсіресе, студенттік шақта мінез-құлық пен жүріс-тұрыстың саналы мотивтерінің күшеюі, болашақ мамандардың адамгершілік-рухани жағынан белсенді дамуын анықтайды. Бұл кезде өмірдің мағынасын түсінуге, тіршілік әрекетіне, парыз және қарыз сезімдеріне, махаббат сезіміне, адалдыққа және басқа да этикалық мәселелерге жастардың ерекше назар аударып, қызығушылығы артады.Дегенмен, 17-19 жастағы студенттер әлі де болса өздерінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын саналы түрде бақылап, реттеуді әрқашан әрі толық жүзеге асыра алмайды. Сон.қатар студенттік шақта да ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, ұрлық жасау, бұзақылық сияқты мінез-құлықтың, жүріс-тұрыстың жағымсыз, қалыптыдан ауытқыған түрлері кездеседі.

Студенттің тұлғалық дамуына кері әсер ететін факторлар.Студенттердің тұлғалық дамуна кері ықпал ететін, тіпті оларды жүйке ауруына шалдықтыратын психологиялық факторларға жатады: 1) отбасындағы қатынастарға байланысты стрестік факторлар;2)жатақханадағы өзара қатынастардың күрделенуі;3)студенттік топтағы ынтымақтың болмауы;4)студенттің әлеуметтік-коммуникациялық даму деңгейінің төмендігі.Бұл мәселелердің барлығы да күрделі. Дегенмен студенттердің оқу іс-әрекетіне қатысты әлеуметтік-психологиялық мәселелердің мазмұны ерекше назар аударуды қажет етті. Мұнда оқу іс-әрекетінің мазмұны, ұйымдастырылу технологиясы және нәтижесі бойынша студенттердің әлеуметтік-психологиялық мәселелері 3 топқа ажыратылады.Оқу әрекетінің мазмұны бойынша мәселелер студенттердің мынадай сұрақтарынан көрінеді: «соншама көп тапсырмаларды қай кезде орындап бітіруге болады», «кейбір оқылатын пәндердің болашақ мамандыққа нақты қатысы жоқ емес пе», «мәтіндегінің барлығы мағызды сияқты, бірақ оның бәрін қалай есте сақтау керек». Оқу әрекетін ұйымдастыру технологиясы бойынша мәселелерді студенттер былайша аңғарады: «семинарларда оқушы сияқты қол көтеріп сабақ айтуды топ алдында ыңғайсыз көремін», «ауызша жауап беру кезінде өзім дайындаған конспектіден оқи берсем де болар», «сабақтар барлық студенттер белсенді болатындай қызықты етіп ұйымдастырылса ғой» және т.с.с. Оқу әрекетінің нәтижесі бойынша мәселелер – студенттердің «кейде ештеңе білмейтін сияқты сезім пайда болады», «кейін практикада қайтеміз» деген сияқты өздеріне күмәнді, сенімсіз, қорқыныш, қауіптену сезімдері кеулеген ойларын,«уақыт кетірмей, бастапқы кезден жатпай-тұрмай оқу керек еді» деген сынды өздерінің оқу-кәсіби іс-әрекеттеріне көңілі толмайтынын ашады.

Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диадатриада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар,корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады.Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады.Қазіргі кездегі студенттердің барлығы үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа өз білімдерін болашақ мамандықтарына бейімдейтін  студенттер жатады. Бұл топтағы студенттер үшін  болашақ  жұмысқа деген қызығушылықтары мен  сол жұмыста өздірінің қабілеттерін жүзеге асыру ең бастысы болып табылады. Екінші топты бизнеске бейімделген студенттер құрайды. Бұл топтағы студенттер  өз білімдерін жеке іс ашудың құралы ретінде  қарастырады, саудамен айналысады және т.б.. Олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтары  бірінші топтың студенттерімен салыстырғанда төмен болады. Үшінші топтағы студенттерді, бір жағынан, анықталмағандар деп те атауға болады, екінші жағынан  олар жеке бастық және тұрмыстық жағдайларға  көңілдерін көбірек бөледі. Зерттеушілер қазіргі кездегі студенттердің келесі түрлерін бөліп қарастырады: 1) бірінші топты шартты түрде «тұтынушылар» деп  атауға болады. Бұл студент негізінде бизнес саласында жетістіктерге жетуді көздейді, бизнестің теориясы мен практикасын ұғу үшін, ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметпен айналысу үшін жоғарғы  білімді алады.2)екінші топ – «эмигранттар». Олар шетел тілін еркін меңгеру үшін, шет мемлекеттерде жұмыс істеу мүмкіндігін алу үшін  оқу орнында оқиды. Оларға жаңа ортаға тез бейімделу және  өмірлік оптимизм тән болып келеді.

Тұлға дамуының қозғаушы күші, жағдайлары және механизмдері. Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл қозғаушы күшті психологияда мотив деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән жайын толық түсіну қиын болады. Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай оның түрткілері де мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарына, нәтижесіне ерекше әсер етеді. Жеке адамды қандай да болмасын іс-әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы.

Тұлға теориясының түрлері. ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап жеке адамдарды зерттеуде ең бір қарқынды кезең белсенді бағыт ала бастады. Соның нәтижесінде жеке адам туралы түрлі теориялар қалыптасып қазіргі  бұл теориялардың 48 нұсқасын бөліп  көрсетуге болады. Бұл теориялардың негізіне 5 көрсеткішті жатқызамыз.1.Мінез құлықты түсіндіру тәсілі; 2.Жеке адам туралы мәлімет;3.Жеке адамдарға деген көзқарас;4.Жас ерекшелігі;5.Жеке адамдарды сипаттайтын  ұғымдар. Мінез-құлықты  түсіндіру жолдары бойынша жеке адам туралы теорияларды негізінен психодинамикалық, социодинамикалық, және ракционисттік деп бөлуге болады.Психодинамикалық теориялар  типіне жеке тұлғаны сипаттаушы және психологиялық және ішкі субьективтік мінездемесіне сүйене отырып әректтерін түсіндіретін  теориялар жатады. Егер К.Левин ұсынған символикавлқ көріністегі формулалы теорины пайдалансақ онда B– құлық, F — функционалды тәуелділік, P — жеке адамның ішкі субьективті психологиялық көріністері, E — әлеуметтк орта, онда психодинамикалық теорияның символикавлқ көрінісі мынадай үлгіде болады:B = F ( P )Социодинамикалық теориялар жеке адамның мінез – құлқының сыртқы орта әсеріне тәуелді және ішкі күйіне мән бермейді деп түсіндіріледі. Оладың мәні символикалық түрде:B = F ( E )Интеракционисттік теориялар бойынша адамның мінез-құлқының мәселесін шешудегі әрекеттері сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен пайда болады. Мұндай әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.Символикалық түрде:B = F ( P,E )Теорияларды типтерге бөлудің келесі негізі — тұлға –мәліметтер алу жолы. Осы тұрғыданбарлықтеориялардыэксперименталдыжэнеэксперименталдыемесдепбөлугеболады. Эксперименталдытеорияларғатәжірибебарысындажинақмәліметтердісараптаужәнежалпылауарқылықұрастырылғантеорияларжатқызылады. Эксперименталдыемес теория авторлары эксперимент жасамай-ақөмірденалғанбайқасүйеніп, теориялықтүрдеталдапқорытады.Тұлғағақұрылымдықжәнединамикалық құрылым көзқарастағыавторлартұлға теорияларын басқаша  жәнеқұрылымдық теория үшінбастымәселе — тұлғақұрылымын оны сипаттауғакөмектесетінұғымдаржуйесінанықтау. 1 тақырыбы — тұлғадамуындағыкайтақұрылу, өзгерістероныңдинамикасыболыптабылатынтеориялардинамталъаталады. Соныменқатарбірқатартеорияларжаскезеңдікпедагогикалық психология шеңберіндепайдаболған. Олардамуындағышектелгенжаскезеңінқарастырады, туылғаннан орта мектептібітіргенгедейінгі, яғнинәрестебсертебозбалалыкшаккадейінгі. Кейбір, басқа теория авторларытұлғадамуынбүкілөмірбойындабақылайды.Тұлғатеорияларын  жіктеукезінде көңіл бөлінетіннәрселер: ішкіқасиеттері, тұлғанын, қырлары мен қасиеттерінемесеолсыртқыкөріністері, мысалы, мінез-құлқыменжасағаніс-әрекеті. Осылайқасиеттертеориясынбөліпқарастыруғаболады. Бұлтеорияларыныңқағидаларынаорай, барлықадамдарбірбіріненжеке, тәуелсізқырларыныңжиынтығы мен даму дәрежесібойыншаажыратылады, бірнешеадамбірадамныңмінез-құлықтартарынбайқап, олардыжалпылауарқылытұлғағабіртұтассипаттамабереалады, Тұлғақырларынбағалаудыңекіншіжолыбарлықадамдардытипологиялықтоптарғабіріктірудіжорамалдайды. Мұндайтопқакіретінадамдардыңпсихологиялықсипаттамаларыжақын, мінез-құлықтарыұқсас. Сонда әрбіртипологиялыпсихологиялықсипаттамаларыөзгеше, баскағаұқсамайдыдегенсөз.Тұлғатеорияларының жіктелуін  қарастырған тек Р.С Немовқанаемес. Б.В.Зейгарниктеориялардыңпайдаболуыжәнежағдайларынатәуелдімазмұнды-мағыналықжәнетарихиаспектілердеқарастырған. Олкелесі теория топтарынбөліпкөрсетеді мен неофрейдизмніңтұлғатеориялары, гуманистіктұлғалары, экзистенциалдыпсихологияныңтұлғатеориясы, әлеуметтікмектебініңтұлғатеорияларыжәнет.б. Осылардыңкейбіреулерінжалпытүрдекарастырайық.Қазіргікезде тұлға  зерттеуде жетінегізгі тұлға  теорисы дамыды. Әрбірбағытөзініңтеориясыменжәнеөзініңқұрылымымен ерекшелінеді.Тұлғаның психологиялық сипаттамасы.Қазіргі кезде психологияның ерекшелігіпсихиканызерттеушібағыттыңкөптігітұлғатеориясыныңкеңдігі мен мәселеніңкүрделілігіпсихологияның, алдындатұрғантеориялықміндеттергежәнеғылымныңқажеттіліктерінебайланысты. Тұлға — психологиялықсипаттамасы, бірқалыптыжоғары даму жүйесі, индивидуалдықажеттіліктерменқамтамасызететін, жәнебелгілібіржағдайлардаадамныңтұрақтыжүріс-тұрысы.Тұлғатеориясы — бұл болжамдардыңжиынтығы мен немесетұлға дамуыныңтабиғаты мен механизмініңболжамы.Тұлғатеориясын тек  түсіндіруге тырысып қанақоймайоладамның жүріс-тұрысынсипаттайды .

Шетел психологиясының бағыт бағдары. Бихевиоризм — XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан психологиялық бағыттардьщ бірі. Бихевиоризм теориясьның негізгі зерттеу нысаны сана емес, адам мінез-қүлқы болып табылады. Мінез-қүлық психологиясы АҚШ-та ерекше дамыды. Бихевиоризм бағытының көрнекті өкілі америка ғалымы, әрі психологі Джон Уотсон (1873-1958) болды. Ол дәстүрлі психологияның пәнін, жан қүбылыстарын жаңа мінез-қүлық психологиясымен өзгерту қажеттігін үсынды.Тоқырау кезінде пайда болған екінші бағыттардың бірі психоталдау (фрейдизм) болып табылады. Оның негізін қалаған австриялық психиатр және психолог Зигмунд Фрейд. Психоталдау бағыты өкілдерінің бахевиористерден, гештальтпсихологтардан айырмашылығы психологияда ғьглыми білімді құрудың үлгісі ретінде дәл және жаратылыстану ғылымдарьша бағдарланған жоқ, ал олар тоқыраудан шығудың жолын медицина және психологияның өз шеңберіңде табуға ұмтылды. Фрейдизм, оның негізі мынада — адам туралы психологиялық білімді жаңа өмір шыңдығымен толтыруға, практикалық психологиялық, ең аддымен психотерапевтік міндеттерді шешу үшін пайдалы теорияны құруға және ақпаратты қабылдауға ұмтылды. Гештальтпсихология (немістің gestalt деген сөзінен шыққан, қазақшалағанда бейне, құрылым, түр деген мағынаны білдіреді). Егер бихевиоризм психологияның тоқырау жағдайынан шығудың жолдарының бірі ретінде АҚШ-та пайда болса және өз дамуында бұл елден тысқары таралған жоқ. Ал гештальтпсихология — психологиялық бағыт ретінде Германияда пайда болды және XX ғасырдың бірінші жартысында көптеген Еуропа елдерінде жүргізіліп жатқан психологиялық зерттеулерге ерекше әсер етті, оның ішінде біздің елімізде (соғысқа дейінгі жылдарда) кеңінен тарады. Егер де бихевиоризм өз дамуында физиология және биология ғьглымдарына жан-жақты негізделсе, ал гештальтпсихология физика мен математиканың ерекше ықпалында болды. Бұл бағыттың көрнекті өкілдерінің ішінде М.Вертгеймердің, В.Келердің, К.Левиннің және т.б. есімдерін атауға болады. Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт — когнитивтік психология. Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық үрдістер мен танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды. Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон жатады.

Іс-әрекет психологиясы және жоғарғы оқу орындарындағы оқу кәсіби іс әрекет.Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады. Затқа бағытталған және белгілі мақсат көздеген қозғалыстарды әрекет деп атайды. Әрекеттің ең қарапайым түрі зат арқылы жасалатын әрекет. Бала тамақты қасықпен ішуді, қолын сабындап жууды үйренеді. Біртте-бірте затты игеруді үйреніп әрекетін жетілдіре береді. Психологияда әрекеттің екі түрі болады, бірі дененің затпен айналысу әрекеті, сыртқы моторлық, және ақыл-ойдың (ішкі психикалық) реалдылықпен әрекеті. Кеңес психологтары Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев зерттеулерінде ақыл-ой әрекеті әуелде сыртқы заттық әрекет түрінде көрініп, бірте-бірте ішкі психикалық амалға ауысатынын көрсетеді. Сырқы әрекеттің ішкі амалға ауысуы интериоризация деп аталады. Мысалы, бала санауды үйренеді, әуелі таяқшаларды санайды, бір-біріне қосады, соңынан таяқшалар керек болмай қалады. Есептеу заттан, сыртқы әрекет түрінен ауысып, ақыл-ойдың ісіне айналады. Ақыл-ой әрекетін игерген адам өзі тындырмақ болған іске, сыртқы әрекетке кіріспес бұрын әуелі ой елегінен өткізіп алады, көзге елестетіп көреді, сөзбен сипаттайды. Ақыл-ой әрекетін заттық әрекет түрінде сыртқа шығару экстериоризация деп аталады. Сөйтіп сыртқы іс-әрекет ішкі іс-әрекеттің бақылауымен жүргізіледі. Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады. Іс-әрекет адамның өмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан, психика іс-әрекетті реттеп отырады. Іс-әрекеттің психиканы қалыптастырушылық рөлін әр түрлі салада жұмыс істеп жүрген адамдардың ерекшеліктерін салыстыру арқылы көруге болады. Психологияның іс-әрекет, ерекшеліктерін (еңбек психологиясы, педагогикалық, спорттық т.б. психология) зерттейтін салалардың болуы кездейсоқ емес. Іс-әрекеттің түрі адамның бойында тұрақты бір белгілерді қалыптастырады, сол себепті мінез-құлықтың бір көрінісіне қарап, кейде тіпті сырт пішінінен-ақ адамның қай мамандық иесі екенін біле қоямыз. Мұғалімнің жеке басының қасиеттерін зерттеу арқылы балаларды оқытып, тәрбиелеуде оның шеберлік таныта алуына қай қасиеті көмектесетінін білуге болады. Мұндай деректер болашақ ұстазды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын белгілеуге көмектеседі. Психика әрекет пен қоғалысты реттеуші қызметін атқарады. Бұл реттеу психикалық бейнелеудің әр түрлі дәрежесінде жүзеге асады. Түйсік және қабылдау дәрежесінде күштің, бұлшық еттің қимылы мен қозғалыс сипаты көрінеді. Ақыл-ойға салып ісі еленетін міндеттер сезім деректері негізінде шешіледі, бірақ оны ақыл-ой ретке келтіріп отырады, яғни екінші сигналдық дәрежесінде жүзеге асады. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады. «Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам іс-әрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат көздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Іс-әрекет арқылы табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен өтіп барып, одан әрі іс-әрекетке әсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, көңілін өсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу қызмет атқарушы орган немесе организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау қажыған адамның көңіл күйі. Тынығу іс-әрекет түрін ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды және сапасы төмендейді. ЖОО болашақ мамандардың жетекші іс-әрекеті нақты бір мамандық түрін меңгеруге бағытталған кәсіби-танымдық іс-әрекет немесе оқу кәсіби іс-әрекет болуы тиіс. Себебі аталмыш іс-әрекет түрі ғана болашақ мамандардың кәсіби білім меңгеруіне психологиялық негіз, құзіреттілік тұрғы бола алады. ЖОО-да болашақ мамандарға жетекші іс-әрекет мақсатқа сәйкес деңгейде ықпал етуі үшін оның өзін жетілдіре беру қажет. Оқу кәсіби іс әрекетті жетілдіру болашақ мамандардың субъект ретіндегі белсенділігіне байланысты болады. сондықтан, оқу кәсіби іс әрекет болашақ мамандардың жетекші іс әрекеті ретінде тек кәсіби бағдарлы ғана емес, ол субъект –бағдарлы сипатпен анықталынуы қажет.

46. Жантану ілімінің даму тарихы. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. «Психология» терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті — Марко Маурулицбұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Өзінің «жан» мен «тану» деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі «Жан Доктринасы» мен анатомиялық трактаты «Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу» («De Anima Brutorum») атты еңбектерінде көрінеді.1879 жылы «психологияның атасы» болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің «Психология Принциптері» (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамыттыӘйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің «Ауызша Іс Әрекет» (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдедіГуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты.Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.

47. Қазақстанда психология ғылымының даму тарихы.  Республикадағы психология ғылымы, әсіресе, соғыстаң кейінгі жылдарда елеулі кдрқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. Мәселен, 1946 жылы КазПИ-де республика бойынена тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1946 жылғы БК(б)П Орталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психологияны оқыту жөніндегі қаулы-сына сәйкес Қазак университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. 50-ші жылдары республика үшін психолог кадр-ларын даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге согыс жылдары Саратовтан Алматыға келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қссты. Қазақстандағы психология ғылымының өркен жаюьша шама-шарқынша үлес косқан ғалымдардың алгашқы тобына Адбдолла Темірбеков (1904-1972) пен Елеш Суфиевті (1919-1980) жатқызуға болады. Қазақстандағы ғылыми психологияның дамуына елеулі үлес коскандардың бірі — Мәжит Мүқанов (1920-1985). 1988 жылдан бастап елімізде психологиядан мамандар даярлау ісі қолға алынды. Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ университетінде, Қараганды, Алматы, Шыгыс Қазакстан, Қостанай, Атырау, Тараз университеттері мен Петропавл, Ақтөбе педагогикалық институтында психолог кадрлары даярланып жатыр. Мектептерге «психология» маманының штаты енгізілгенмен күні бүгінге дейін ол дербес пән ретінде оқытылмайды. Ал психологияның басқа салаларындағы зерттеулерді ұлт мүддесінг жақындатуымыз керек. Мәселен, біздегі ауыл-село мектептерінің әлсуметтік-психологиялық мәселелері, мал шаруашылығы түрлі салаларына қажетті мамандиқтыц психологиялық ерекшеліктері, жетімдер үйлері мси мею.«п-интернат, гамназия, лицей, медресе, колледж оқушыларының психологиялык ерекшеліктері, акыл-есі кенже дамыған балаларды оқытьш тәрбиелеу, талантты, дарыңды шәкірттердің психолгиясын зерттеу, үгп тілділік пен көпшілділіктің психологиялық астарларын іздестіру, ұлт (қазақ) мектептері оқу бағдарламаларының психологиялық аспектілері, оларға тиісті өзгерістер енгізу, кешкі және сырттай оқитын орта мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің оқу мазмұнын аныктау, орта, арнаулы, жоғары оқу орындарындағы жүргізіліп жатқан тәлім-тәрбие жүмыс-тарының, әсіресе бакалавриат пен магистратурада оқудың психологиялық астарларын зерттеу — алда тұрған өміршең ғылыми проблемалар болып табылады.

48Шетел психологиясының бағыт-бағдары.

Бихевиоризм (ағылш. behavio(u)rism — қылық, жүріс-тұрыс) XX ғасырдағы психология ғылымын сипаттайтын американдық бағыт. Ол адамның қылығын жете қарастырады да, сананы негізгі зерттеу объектісі деп санамайды. Бихевиоризмнің іргесін қалаушы Эдвар Торндайк (1874-194). XX ғ. американ психологиясының ағымы. Ғылыми зерттеудің пәні, сана емес, қылықтың әр түрлі формалары ретінде қараған және организмнің сыртқы ортадағы стимулдарға реакциясын психика ретінде түсіндірген. Бихевиоризм алғашқы рет бағдарламасын құрастырған әйгілі американ психологі Д.Уотсон болды. Бихевиоризм ағыны негізінен ойлау мен ниетті (мотивация) зерттеуде интроспекциялық әдістердің осалдығына байланысты пайда болған. Бихевиоризм эксперименталды зерттеулерінде басым болған әдістер — байқау және қоршаған ортаның әсеріне организмнің реакциясын тексеру, содан соң оның нәтижесін математикалық өңдеп сипаттау болды. Қазіргі кезде әр түрлі теориялардың элементтерін қолданатын басқа да ағымдар бар, олардың бірі необихевиоризм. Бихевиоризм ілімін жалғастырушы және қорғаушы ғалым американ психологі Б. Скиннер және оның мектебі. Бихевиоризм тағлиматының кризистік халге жетуі – сана, ойлау, ерік секілді негізгі ұғымдарды психологиядан алып тастап, психиканың әлеуметтік жағын ескермеуінде.

Гештальтпсихология (нем. gestalt — пішін, тұтастық)- шетелдік психологияның сенсуалистік бағыты, 1912 ж. Германияда пайда болған. Гештальтпсихологияның ізашары X. Фон Эренфельс (1859-1932) болып табылады. Басты өкілдері: М. Верттеймер (1880- 1944), В.Келер (1887-1967) және К. Коффка (1886-1941). Ассоциациялық психологияға қарама-қарсы гештальтпсихология түйсікті емес, қайта қайсыбір психикалық құрылымды, тұтас түзілімді, яғни «гештальттарды» бастапқы және психиканың негізгі элементтсрі деп санайды. Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей тән психикасына бағынады. Гештальтпсихология теориясы индивидті сыртқы ортадан және оның практикалық қызметінен бөліп алу болып табылады. Психикалық түзілімдердің тұтастығын гештальтшілдер, сайып келгенде, иманенттік субъективтік «заңдармен» түсіндіреді, мұның өзі оларды идеализмге жақындатты. Кейіннен идеялары (әсіресе «гештальт» ұғымы) материалистік-психологар (Л.С.Выготский және басқалар.) Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтін жақтарын қарастырды. Гештальт структура, құрылым, тұтастық, жүйе. Гештальтпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елесте емес, кейбір тұтас түрдегі «психологиялық құрылымдар» (гештальттар) деп санайды. Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.Гештальт басты принципі — адамның өзін-өзі, басқа адамдарды және барлық басқа әлемді барындай шартсыз қабылдау: адамның өтпелі калпын толық жетілгендей, езгеруді немесе жақсартуды талап етпейтіндей бағалау және қабылдау. Соңғы жылдары біздің елде Гештальт психологтардың ғана емес, педагогтардың да назарын тартуда, өйткені психотерапия әдістері педагогтар мен тәрбиеленушілердін өзара ықпалдастықтарының әдістер жиынтығына белсенді енуде.

Генетикалық психология — генетика — шығу тегі «төркіні» дегенді білдіреді. Әдетте, даму психологиясы деп аталатын терминнің жақын синонимі ретінде қолданылады. Алайда Генетикалық психологияға салыстырмалы психология саласы да кіреді. Генетикалық психология көбінесе ересек организм мысалында қарастырылатын құбылыстарға негіз болатын даму процестерін зерттейді. Генетикалық психология адамның генотипімен байланысты психикалық құбылыстардың шығу тегін зерттейтін психология ғылымының саласы.Ж. Пиаже Женевада балалардың ақылының дамуын зерттейтін генетикалық психология мектебін құрды. Осы ғылымның объектісі – интеллектінің шығу тегі. Ол балада объект, кеңестік, уақыт, себеп түсінігінің қалыптасуының қалай дамитынын зерттейді; баланың табиғи құбылысты түсінуін, бала логикасының ерекшеліктерімен қызығады. Негізгі ғылымның мәселесі – бір әрекет формасынан басқасына өтуі; қарапайым ақылдылық әрекет құрылымынан күрделіге өтуі; бала мен үлкен адам арасындағы психикалық өмірдегі ұқсастығын зерттеу. Пиаже негізінде генетикалық эпистемологияны құру генетикалық психологияны жасады.

Фрейдизм. Фрейдизм негізін австриялық психолог З.Фрейд қалаған. Басында есі ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатының табиғатын түсіндіруге бағышталған бұл ілім адам табиғаты қоғамдық дамиу заңдарына бағынбай, иррационал психикалық күштердің ықпалында болады деп дәріптеді, адам әрекетінің бәрі агрессив, оны тәрбиемен өзгерту мүмкін емес деп тұжырымдады. «Фрейдизм жеке адамның жан төркіні, дамуын иррационализм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалық факторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психикалық бағыт

Когнитивтік  Қазіргі заман психологиясының аса маңызды артықшылығын танытқан ғылыми ағым когнитивтік психология болды. 60-жылдардың аяғында АҚШ-та бұл бағыт бихевиористердің әрекет-қылық талдауында психологиялық элементтерді елемеуі мен танымдық дамуды ескермеуіне қарсылық білдірумен ғылым сахнасында келген еді. Когнитивтік психология необихевиористер зерттеулерінің нәтижесінде пайда болып, белсенді мағлұмат жинау мен ақпарат өңдеуші адам организмі жүйелі құрылым деген танымды әрі қарай жалғастырды, яғни адам әр қилы ақпараттарды ықпалды етуге қабілетті: бөтен таңбалар (код) формасына келтіре алады, одан әрі өңдеу үшін өз қажетіне керек ақпаратты бөліп алады немесе керексіз мәліметті жүйеден бүтіндей аластайды. Когнитивтік психологиясының көрнекті өкілдері – Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Линдсей, Г.Саймон.

Гуманистік психология. XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері — А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт. Гуманистік психология өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология ғылымының саласы, адамды жоғары рухты, алдына өзін жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасайтын тірі жан ретінде қарастырады.

39. Жеке тұлға түсінігі. Жеке тұлға қажеттіліктері.

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісіТұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.

41. Жеке адам, және іс әрекет психологиясы. Адам — әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырылып, табиғаттары кемелденіп жетілген ақыл ой иесі және қоғамдық тұлға. Осы ерекшеліктеріне орай адамды ғылымның көптеген салалары зерттейді. (философия,анотомия, физиалогия, антропология, тарих, педагогика, психология) және әр ғылым адам проблемасын әр қырынан зерттейді. Философия — дүние танымдық, көзқарасын анатомия мен физиалогия денесі мен жүйке жүйесінің құрлысын, оның қызметін антропология – адамның қоғамда алатын орны, табиғаттағы өзге құбылымтары мен байланысын, тарих- қоғам өміріндегі қарм қатынасын саралау, ал педагогика- адам тәрбиесі, оның білім беру жүйесін қарастырып оның қоғамның белсенді азаматы етіп қарастырып көздейді. Психология — адамның жан дүинесінің сырын, психикасының даму заңдылықтарын, оның жеке қасиетерінің желінуі мен қалыптастыру жолдарын зертейді. Іс-әрекет — әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.[1]

Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді. Сөйтіп, өзін іскер, жасампазсубъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен мәні етеді.Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды, оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай және алғышарт болып табылады.Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады. Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып табылады.Іс-әрекеттің философиялық ұғымының барлық әлеуметтік ғылымдар, әсіресе, психологиясоциологияпедагогика, т.б. үшін маңызды дүниетанымдық және методологиялық мәні бар. Азаматтардың еркімен пайда болатын заңды фактілер, былайша айтқанда еркін қалауын білдіру. Құқыққа сәйкес келушілікке байланысты іс-әрекет (құқық бұзушылықтар ретінде) заңды және заңсыз болып бөлінеді.

28 Студенттердің оқу үрдісіне қатысты орын алатын мативтерМотивация психология ғылымында жеке бастың мінез-құлқы, іс-әрекеті мен белсенділігін реттейтін фактор ретінде қарастырылады. Ал жеке тұлғаның іс-әрекеттің қандайына болсын мотивациялық ерекшеліктерін ескермей әлеуметтік психологиялық тиімді өзара әрекет, қатынас жасау мүмкін еместігі белгілі. Әрбір жеке тұлғаның мотивациясы өзіндік сипатқа ие болатындықтан, нақтылы фактілер мен заңдылықтарды талқылауға өтпей тұрып, негізгі ұғымдарды анықтап алу керек. Қазіргі кездегі психология ғылымы мотив, мотивация ұғымдарына әр түрлі анықтамалар бередіМотивтер, қажеттіліктер және мақсаттар – адамның мотивациялық сферасын құрайтын негізгі элементтер. Олардың арасындағы қатынасты және адамның мотивациялық сферасының құрылымын төмендегі Р.С. Немов жасаған схемадан көруге болады.Мотивация категориясына қазіргі кездегі психологиялық көзқарас тұрғысынан қарасақ, ол жеке тұлғаның тұрақты мотивтерінің жиынтығы және сол жеке тұлғаның бағыттылығын көрсететін белгілі иерархиясы бар мотивациялық аймақ болып табылады.Мотивацияның оқу іс-әрекетіне және оның нәтижесі болуына тигізетін әсері өте зор. Оқу іс-әрекетінің табыстылығы психологиялық әлеуметтік және педагогикалық факторларға байланысты екендігі мәлім. Оқу іс-әрекетінің табыстылығына оқу мотивациясы мен оның құрылымының тигізер әсері ерекше. Осыған орай кезінде Черкс Дедсон өзінің классикалық заңы арқылы іс-әрекет тиімділігі мотивация күшіне тәуелді деп ашып көрсетеді. Сонда мотивация күші жоғарылаған сайын іс-әрекет нәтижесі өседі.Студенттердің оқу мотиві олардың оқу әрекетінің әр түрлі жақтарына деген бағыттылығы деп анықтаймыз. Мысалы, егер студенттердің белсенділігі оқылатын объектіге (лингвистикалық, биологиялық т.б.) бағытталса, онда бұл жағдайда танымдық мотив түрлері туралы сөз қозғалады. Ал студенттің белсенділігі оқу барысында басқа адаммен қарым-қатынас жасауға бағытталса, онда мәселе әлеуметтік мотивтерді қамтиды.Осыған сәйкес студенттердің оқу үрдісіне қатысты орын алатын мотивтерді үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) танымдық мотивтер; 2) әлеуметтік мотивтер.Танымдық мотивтер өз ішінен бірнеше шағын топтарға бөлінеді: 1) кең ауқымды танымдық мотивтер; 2) оқу-танымдық мотивтер; 3) өзін-өзі дамыту мотивтері.Ал әлеуметтік мотивтердің түрлері мынадай болады: 1) кең ауқымды әлеуметтік мотивтер; 2) тар ауқымды әлеуметтік мотивтер немесе позиционды мотивтер; 3) әлеуметтік тұрғыдан бірлесіп еңбек ету мотиві.Студенттердің оқу мотивациясының қалыптасуына мынадай ерекшеліктер қатары әсер ететіні белгілі болды:- өмірдегі өз орнын табу және болашаққа жоспар құру қажеттілігі;- азаматтық борышқа байланысты әлеуметтік мотивтердің қалыптасуы;- өзін-өзі дамытудың барлық формаларына деген қызығушылық;- қоршаған адамдардың пікіріне тәуелсіз қызығушылықтарының тұрақтылығы;- мамандыққа байланысты нақты мотивтер мен мақсаттарды таңдауы;- тек өзіне ғана емес, басқаларға да қатысты шешім қабылдауы;- мамандықты таңдаудағы өз мүмкіншіліктерін бағалауы, өмірлік позициясын түсінуі;- әлеуметтік және танымдық мотивтердің қоспасы ретінде студенттің өз дүниетанымын түсіну тенденциясы;- студенттің өзін-өзі тану үрдісінің адекватты болуы.Студенттердің әлеуметтік және танымдық мотивтерінің дамуын зерттеп қарасақ, онда таным қызығушылықтарының дамуы олардың кәсіби қабілеттерінің ары қарайғы дамуының негізі екенін көреміз.

30. Студенттік  ұжымның сипаттамалары«Студент» термині латын тілінен  аударғанда, ынтамен жұмыс істеуші, білімді меңгеруші дегенді білдіреді.Студенттік  ұжымында қоршаған ортаның қолайлы  жағдайы, студенттің қалыпты тұлға  ретінде дамуға көмектеседі.Студентік топта «ұжымдық көңіл-күй» (ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы; ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұзалады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді), «ұжымдық пікір» (ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақулдау немесе ұялту), «еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары» (табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызу ынталары жатады) әлеуметтік-психологиялық құбылыстар байқалады.Студенттік топтың жастары (әдетте жас айырмашылықтары 5 жылдан артық емес) бір мөлшерде болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы, психологиялық ерекшеліктері сияқты, топты біріктіруіне жағдай жасайды. Студенттік топтың басты әрекеті  – оқу болғандықтан, өндірістікке қарағанда, оқу ұйымдасқандық едәуір әлсіз болады, сондықтан кейбір кезде  біріккен ұжым салынбайды, әркім өз бетімен журеді.Студенттің жеке басының  қалыптасып, дамуына мынадай факторлар  әсер етедіПсихологиялықӘлеуметтікБиологиялық1.Психологиялық. Жеке тұлғаның қалпы мен  қасиеттерін, психологиялық процесстердің бірлігін білдіреді. Бұл факторлардың  негізгісі – психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, қасиет,  мүмкіншілік). Бұларға психологиялық процесстердің ағымы мен психикалық  жағдайдың пайда болуы тәуелді. 2. Әлеуметтік. Студентке қатысты белгілі бір социалдық топқа, ұлтқа, т. б. қатыстылығынан туындайтын қоғамдық қатынастар арқылы әсер етеді.3.Биологиялық. Бұған жүйке жүйесінің типін, анализаторлар құрылысын, шартсыз рефлекстер, түйсіктер, физикалық күш, тұла бойы, бет әлпеті, терісінің түсі және т. б.

32 Оқыту үрдісіндегі студенттердің танымдық іс әрекетінің психологиясы. Оқыту үдерісінде студенттердің оқу ісәрекеті ерекше орыналады. Адамның қоршаған ортаның шынайылығын танып білуі оның әрбір өмірлік қадамында, әрбіріс-әрекетінде (ақыл-ойеңбегі, әлеуметтік-пайдалыеңбек, көркемшығармашылығыжәнет.б.) жүзеге асатындығы барлығымызға аян. Осы орайда таным ерекше сипатқа ие болуы мүмкін. Тек оқыту үдерісінде ғана таным нақты ұйымдасқан, мақсатты бағытталған оқу-танымдық іс-әрекетті білдіреді. Психология-педагогикалық әдебиеттерде білімалушылар іс-әрекеті әртұрғыда сипатталған: танымдықіс-әрекет, ойлауіс-әрекеті, оқу, ақыл-ойіс-әрекеті, интеллектуалды іс-әрекет және ілім. Педагогика ғылымы мен практикасы дамуының әркезеңінде қалыптасқан кейбір анықтамаларға тоқталып өтейік: -оқу-танымдық іс-әрекет–бұл білім, іскерлік және дағдыларды жүйелі түрде меңгерудегі гностикалық сипаттағы («гнозис» — білім) еңбасты іс-әрекеті, ерекше қызметі -танымдық іс-әрекет–бұл сезімдік қабылдаудың, теориялық ойлаудың және практикалық іс-әрекеттің бірлігі. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктері іс-әрекеттің феноменіне тікелей байланысты болады. Солерекшеліктердіқарастырайық. Біріншіерекшелікстуденттердіңоқу-танымдықіс-әрекетініңмәртебесінебайланысты. Ол кәсіптік білім, іскерлік, дағдыларын меңгерумен болашақ педагогты тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған, ал білім, іскерліктердің көп бөлігін студенттер өз бетімен игереді. Екінші ерекшелік, студент көбінесе оқу-танымдық іс-әрекеттің негізгіс убьектісіболады, сол себептіде оның тұлғасы таным үдерісінің ортасында тұрады. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің үшінші ерекшелігі оны ұйымдастыру сипатында болмақ. Студенттердің оқу іс-әрекеттерінің мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілдері алдын-ала анықталып, білім беру бағдарламасына енгізіліп қоятыны бәрімізге белгілі, сондықтан студенттің атқаратын іс-әрекеті оның белсенділігі мен дербестігіне байланысты әртүрлі тұрғыда ұйымдастырылуы мүмкін. Жоғары мектеп тәжірибесінде білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетін сипаттайтын өнімділік (продуктивтік), проблемалық, шығармашылық сипаттағы іс-әрекет түрлерін атауға болады. Іс-әрекеттің аталған түрлерінің болуы заңды, өйткеніоқылатынғылымдардинамикалықдамуүстіндеқарастырылады,алжаңабілімдімеңгеруүшінбелсенділікпенөзіндікжұмысістейалуқабілеттерікерек. Бұлжағдайда, әрине, оқу-танымдық іс-әрекетке қатысушылар арасында субьект-субьектілік қарым-қатынас орнайды. Оқу-танымдық іс-әрекеттен өнімсіздік (репродуктивтілік) элементтері алынып тасталмайды, егер оқылатын оқу материалы көлемі жағынан ауқымды,мазмұны жағынан күрделіболғанда немесе оны игеру алгоритмдерсіз қиын болған жағдайда қажет деп саналады. Суденттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің төртінші ерекшелігі оның құрылымында. Оның құрылымына мынандай құрамдас бөлшектер енеді: мақсаттылық, мазмұндылық, іс-әрекеттілік және нәтижелілік. Іс-әрекеттің нәтижелілігі алдыға қойған мақсатты жүзеге асыру екендігі белгілі, ал ол тек қана білім алушылардың іс-әрекеттік қимылына ғана байланысты емес, түрткі болар ортаға, іс-әрекетті ұйымдастыру сипатына және белгілібірпедагогикалықжағдайларғатікелейбайланыстыболады. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетінің бесінші ерекшелігі оның қайта өзгеріске түсе алуы, яғни, қайта құрушылық сипатында. Студент тікелей өзінің жұмыс істейтін саласымен байланысады, ал болашақ мамандығының саласымен байланысқа түсуі білім, байқау, практикалық әрекетпен жүзеге асады. Білімді игеруі, практикалық жағынан іскерлігін жетілдіруі іс-әрекет субьектісін құруға негіз болады, ойлау тәсілдерін, уәжділік ұстанымдарын жетілдіре түседі.

42Психикалық таным процестер.  түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П. Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары. Сыртқы талдағыштардың рецепторлары экстроцептор, ішкі мүшелердің хал-күйін білдіретініинтероцептор, ал дене мүшелерінің қозғалысы мен орналасуын хабарлайтын рецепторларды проприоцептор деп атайды. Адам түйсігінің негізгі заңдылықтары 19 ғасырдың орта шеніндегі эксперименттік психологияда зерттелген. Түйсік жүйке жүйесінің қызметімен тығыз байланысты, адамның тіршілік-тынысында үлкен рөл атқарады. Фрейдизм мектебі үшін негізгі термин.Қабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді. 1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.3. Қабылдаудың таңдамалылығы. Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінедітұрақты және уақытша.Тұрақты түрі — адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі. Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау.

Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «…барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:

әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бүл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады;қиялдың мазмүны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп түрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды;қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың қүшағында,—деп жазады М. Жүмабаев, — меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада түрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті».қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл — қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бүрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу — адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Кісінің өмір жолы, жеке басының ойдағыдай дамуы, даралық қасиеттері, іс-әрекетінің қүрылымы, өмір салтының қалыптасуы мүнсыз мүмкін емес. Адам санасының жануар психикасынан басты айырмашылығы адамда ойлаумен қатар қиял әрекетінің олғандығында.

Елестету (Елес) — бұрыннан бар тәжірибе негізінде жаңа түсініктер, ойлар мен бейнелер жасауға саятын психикалық процесс. Елестету субъектінің заттық қарекетінің құралдары мен нәтижесін ойша құрудан, мәселелік жағдай белгісіз сипатта болғанда іс-әрекет бағдарламасын жасаудан, қарекетті бағдарламай алмастыратын, тәріздендіретін бейнелер шығарудан, объектінің бейнелерін жасаудан көрінеді. Басқа да психикалық процестер (ойлау, ес, қабылдау) сияқты елестетудің анализдік-синтездік сипаты бар. Естің (жадының) негізгі беталысы бұрынырақта қабылданып, ұғынылған жағдайларды, объектілерді барынша дәлме-дәл жаңғырту. Елестетудің негізгі беталыстары — ес түсініктерін түрлендіру, түптеп келгенде, бұрын пайда болмаған ойлау жағдайының жасалуын қамтамасыз ету. Елестету — болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу. Елестетудің ең маңызды мәні сонда, ол еңбек басталғанға дейін оның нәтижелерін көз алдына келтіруге мүмкіндік береді, осы арқылы қарекет процесінде адамды бағдарлайды. Елестету арқылы еңбектің түпкі не аралық өнімнің моделін жасау олардың заттық жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Елестету арқылы күтілетін нәтижені көз алдына келтіру адам еңбегінің жануарлардың түйсіктік әрекетімен түбегейлі айырмашылығы болып табылады. Елестету белсенді және енжар елестету болып сараланады. Енжар елестетуде пәрменділік жоқ, оған өмірде жүзеге аспайтын бейнелер, іске аспайтын тіпті іске асуы мүмкін емес бағдарламалар жасау тән. Әдейі емес енжар елестету сана қарекеті босаңсығанда, ұйықтағанда, қалғып-шұлғып ұйқылы-ояу отырғанда, сананыңпатологиялық бұзылуы кезінде байқалады. Әдейілеп енжар елестетуден ерік-жігермен байланысты емес бейнелер (құрғақ қиялдар) туындайды. Елестету процестерінде құрғақ қиялдың басымдығы тұлғаның дамуында кемістіктер бар екенін көрсетеді. Белсенді елестету шығармашылық және жаңғыртушылық болуы мүмкін. Шығармашылық елестетуде қарекеттің бірегей және бағалы өнімдерінде жүзеге асатын бейнелер жасалады. Еңбекте пайда болған елестету — кез келген шығармашылықтың ажырағысыз бөлігі. Елестету дереу практикалық іс-әрекетте жүзеге аса бермейді. Кейде ол тілек-қалаудағы болашақ бейнелерді жасауға, яғни армандауға саятын ерекше бір іштей қарекет нысанында болады. Арман қарекетті түрлендірудің қажетті шарты, түпкілікті орындалуы қайсыбір себептермен кейінге қалдырылған қарекеттің ынталандырушы себеп-түрткісі. Жаңғыртушы елестетудің негізі — сипаттамаға сәйкес бейнелер жасау. Кеңістіктік елестету сызбаларды зерделеу және т.б. жағдайда қолданылады.

Сөйлеу орыс. речь, говорение — адамның тілдік амалдар арқылы пікірой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамныңпсихикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалогтүрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталутембрлік сипатартикуляциялық анықтықтемпакцент т. б

44 Қабілеттің жалпы сипаты.     Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім – тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:1Іс-әрекетті тез өзгерту.2Іс-әректті орындау нәтижесінің сапасы.Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деігейден жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді.      Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік – адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз.Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ыньадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді. Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырыннан көрсетуі.     Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді. Соның арқасында оның іс-әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді.Адам қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандыққасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Психология ғылымында соңғы 1 – 1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасуы тәжірбиелік зерттеулер арқылы анықтала бастады. Бір сөзбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі деңгейде дамып өрістеуінің негізгі факторы – еңбек.

43 Сөйлеу, Сөйлеудің физиологиялық механизмі, Сөйлеудің түрлері. Сөйлеу және қарым-қатынас Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікірой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердіңқатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеупроцесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрыладыАдам баласының сана-ссзімінің дамуьшда дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі.Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтсз-дік қызметінің нәтижесі. Бүл, біріншіден, сөйлеу органдарындап.і қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыс-тарды нозік галдаудан; екіншіден, сөздік сигнаддардың болшскіаі-гш элемеиттерін байланыстырудан керінеді. Физиологнялық тұрғыдан создің мәнін И.П.Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтын бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сойлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табыладіда, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды». «Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сейлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылар-мен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стено-графиялық жазу, эсперанто т. б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қыз-мет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса,отбасыпда, күрбы-қүрдастарымен пікірлсскенде кісі басқа формада сойлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, иителлект (ақыл —- парасат) түрінде көрініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы карастырады.Сөйлеу түрлеріПікірлесудің қандай түрлері болса да, сөйлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нактылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сөйлеу бірнеше түрлерге белінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топка жіктеледі.Сыртқы сөйлеу ауызша (бүл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болын, ал ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог.Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түсиейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.

45Мінез және темперамент.Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленедіМінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланыстыБүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.

К.К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.«Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі — қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.

33 Студенттік ұжым психологиясы. Студентік топта «ұжымдық көңіл-күй» (ұжымда, қоршаған әлемде болатын оқиғаларға ұжымның эмоционалды реакциясы; ұжымның көңіл-күйі ұжымның қызметін ынталандыра алады немесе керісінше бұзалады, соның салдарынан қанағаттанбаушылық, оптимистік, парықсыз көңіл-күй көрінеді), «ұжымдық пікір» (ұжым өмірінің сұрақтарына пікірдің ұқсастығы, көзқарастары, оқиғаларды, топ мүшелердің қылықтарының мақулдау немесе ұялту), «еліктеу құбылыстары, иланушылықтың немесе жарыс құбылыстары» (табысқа жетуге ұмтылуға адамдардың өзара әрекеттесу түрі, өз қызмет нәтижелеріне қызу ынталары жатады) әлеуметтік-психологиялық құбылыстар байқалады.Студенттік топтың жастары (әдетте жас айырмашылықтары 5 жылдан артық емес) бір мөлшерде болуы, назарлардың, мақсаттардың ұқсастығы, психологиялық ерекшеліктері сияқты, топты біріктіруіне жағдай жасайды. Студенттік топтың басты әрекеті  – оқу болғандықтан, өндірістікке қарағанда, оқу ұйымдасқандық едәуір әлсіз болады, сондықтан кейбір кезде  біріккен ұжым салынбайды, әркім өз бетімен журеді.Студенттің жеке басының  қалыптасып, дамуына мынадай факторлар  әсер етеді Психологиялық Әлеуметтік Биологиялық. Әрқайсысына тоқталар болсақ, 1.Психологиялық.  Жеке тұлғаның қалпы мен  қасиеттерін, психологиялық процесстердің бірлігін білдіреді. Бұл факторлардың  негізгісі – психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, қасиет,  мүмкіншілік). Бұларға психологиялық процесстердің ағымы мен психикалық  жағдайдың пайда болуы тәуелді. 2. Әлеуметтік. Студентке қатысты белгілі бір социалдық топқа, ұлтқа, т. б. қатыстылығынан туындайтын қоғамдық қатынастар арқылы әсер етеді.3.Биологиялық. Бұған жүйке жүйесінің типін, анализаторлар құрылысын, шартсыз рефлекстер, түйсіктер, физикалық күш, тұла бойы, бет әлпеті, терісінің түсі және т. б. жатады.

29. Жоғарғы оқу орнындағы белсенді және интерактивті оқыту әдістері. Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікіралмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға боладыӘлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер   интерактивті  деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.Интерактив – ағылшынның «өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздеріИнтерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады. Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі — дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді.

31 Тұлға психологиясы Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі. Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.

35 Жоғары оқу орнындағы студенттік топ динамикасы. Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диадатриада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар,корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Сол сияқты студенттік топты да қарастыруға болады, Топ деп есептегеннің де өзінде, бұл топтың ішінде әр түрлі психологиялық мінез қылықтары бар тұлғалар жинақталған.Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Бұл орайда, топ ішінде дамитын үрдістерде, сондай-ақ іс-әрекеттің тұтас субъектісі ретінде басқа топтармен өзара әрекеттестік үрдісінде әлеуметтік қатынастар жүйесіне қамтылған топтың өзі де зерттеледі. Әлеуметтік топ; бір топ оқушы;студент, Топталып оқу. Топ белгілі біріккен іс-әрекеттерімен сипатталатын адамдар жиынтығы. Ішкі және сыртқы топтық қасиеттеріне қарай топтарды келесі түрлерге бөлуге болады: санына, байланысына, ұйымшылдығына, ынтымақтастығына, тұрақтылығына, тұлға үшін маңыздылығына т.с.с.1. Санына байланысты үлкен топтар (ұлттар, партиялар, таптар), шағын топтар (отбасы, ұшақ экипажы).2. Байланысына қарай алғашқы шынайы (сынып, студенттік топ, өндірістік бригада), соңғы жағдайға немесе шартқа байланысты (университеттің студенттері, қаладағы немесе аудандағы мектепті бітірушілер, қаладағы зейнеткерлер);3. Ұйымшылдығына қарай: ұйымдасқан, ресми (сынып, студенттік топ), ұйымдаспаған бейресми (көпшілік, жиын, жұрт).4. Ынтымақтастығына қарай ынтымақты жоғары дамыған (студенттік топ, өндірістік бригада), ынтымақсыз төмен дамыған (бірінші сынып оқушылары).5Тұрақтылығына қарай тұрақты (ұлт, отбасы), тұрақты емес (мерзімдік, уақытша бригадалар).6. Тұлғаға маңыздылығына байланысты эталоиды, референтті (шынайы немесе үлгі болатын қиялдағы топ), топтар.7. Қоғамның дамуына байланысты прогрессивті (ұжым), регрессивті.8. Іс-әрекеттің түріне қарай ойын, оқу, еңбек топтары.Топтағы тұлғааралық қатынасты социометрия әдісімен зерттейді. Бұл әдісті енгізген Дж. Морено. Топтағы әрбір адам екі түрлі: іскерлік (ресми) жәнс жеке (бейресми) қатынаста болады. Біріншісі топтың бүкіл құрамымен бірге құжатқа түсірілу, ал екіншісі ұнату, жақсы көру, достық, жолдастық, жек көру, жауласу т.б. себептер негізінде пайда болады. Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады, ал жеке қатынасқа шек қою мүмкін емес. Іскерлік және жеке қатынастар тұлғааралық қатынас жүйесін құрайды. Тұлғааралық қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әр түрлі әңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі — таңдау болып саналады. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған американ психологі Дж. Морено. Бұл өз бетінше объективті әдіс және оны әлеуметтік психологияның басқа әдістерімен бірге тұлғааралық қатынасты зерттеген кезде қолдануға болады. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы. Топ — жалпы белгілердің негізін (мақсат, іс-әрекет түрі, әлеуметтік деңгей, жас ерекшелігі, адамдар саны және т.с.с.) құрастырған адамдардың әлеуметтік жиынтығы.

40. Жеке адамның бағыт бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктер.

Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Жеке адам – дүниетаным қабілеті бар, сыртқы ортаның неше түрлі әсерлерін бастан кешіріп, оларға төзімділік көрсететін, табиғатты өзгертуге ықпал ете алатын жан. Жеке адам психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері төрт түрлі жағынан қарастырылады, яғни: 1) Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерекшеліктері: қызығу, ұмтылу (ынтасымен талаптануы), мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл – жеке адамның адамгершілік қасиеттерін білдіретін сипаттар. 2) Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін, тәлім – тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді. 3) Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылығымен өзіндік ерекшеліктері. Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес, сезім күйлері мен ерік, адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер жатады. 4) Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері – нышан, жоғары жүйке қызметі. Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәкес көрініс береді.Мұндай қасиеттер машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып, жетіледі.Жалпы, адамның азаматтық бағыт – бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады: 1) Бағыт деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді. 2) Бағыт – бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұраты мен ұштасады. 3) Кеңдігі. Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі- оның бағытының өресіздігі, тарлығы. Бағыт – бағдар кеңдігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасына, оның әр тарапта дамуына байланысты. Мұндай қасиеттер баланы тоқшарлықтан сақтандырады. Бағыттың шашыраңқы болуы – ұнамсыз қасиет. Осы орайда, «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген мақалдың тәлімгерлік мәні ерекше. Оқушы үшін қызығу кеңдігі, яғни оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты игеруі – саналы азамат болудың шарты. 4) Қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындылығын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гөрі ерікті тілек ынтаға ден қоюы, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу адамның сенімін арттырады. 5) Бағыт – бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кеін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Бұл – бағыттың тұрақсыздығы. Мысалы, жас маман үздік оқып, белгілі математик не филолог болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат, бақытты отбасы қоғам қайраткері болуды арман етеді. Бағыт тұрақтылығы адамды игі мақсатқа жеткізеді. 6) Оқушының әрекетшілігі – оның бағыт – бағдарындағы шешуші кезең. Жас қыз ұстаздық мамандықты не себепті таңдады? Оған бұл мамандықтың несі ұнады? Таңдаған мамандығы бойынша жемісті іс атқара ала ма? Мұның бәрі іс — әрекетке байланысты. Кәсіптік техникалық училишеге түскен оқушы, менеджер болғысы келетін кәсіпкер, шаруашылық орындарында маман, кең шарда малшы, сауыншы болып істеу – мұның бәрі іс — әрекет арқылы жүзеге асып, адамды арманына жеткізбек.Жеке адамның бағыт – бағдар түрлерін қарастырғанда өзекті мәселе ретінде қамтылатын ерекшеліктер – адамның қажеттіліктерімен мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейі. Сондай қажеттіліктердің бастылары – биологиялық (тамақты, ауа мен суды, жылылықты) қажетсіну; тарихи дамуда қалыптасатын заттық (киім – кешек, тұрғын – үй т.б.) қажеттіліктері; рухани (ақыл – ойын дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық көркемділік пен әдептілік) қажеттердің бәрі де еңбек процесі мен, әралуан іс — әрекет түрлерімен өтеліп отыратыны мәлім.33. Тортың әлеуметтік психологияда түсіндірілуі. Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар,корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады. Топ мүшелерінің бірлескен қызметінің мазмұны топ ішіндегі динамиканың барлық үрдістеріне себепкер болады, бұлар: тұлғааралық қатынастардың дамуы, серіктестердің бір-бірін қабылдауы, топтық нормалар мен құндылықтардың, ынтымақтастық және өзара жауаптылық нысандарының қалыптасуы. Өз кезегінде топта қалыптасқан қатынастар топтық іс-әрекеттердің нәтижелілігіне әсер етеді. Топтар, әдетте, әлеуметтік-психологиялық зерттеулердің объектісі болады. Топтпрдың түрлеріне тоқталсақШағын топ — барлық мүшелерінің арасында тікелей қатынас болатын әлеуметтік топ, оның синонимі қатынастық топ.Атаулы топ — талдау мақсаты үшін мағынасы зор бірқатар белгілер бойынша бөлінетін адамдар жиынтығы. Мысалы, жас, ой өрісі тұрғылықты орны бойынша топтар.Алғашқы топ — негізінен бастапқы әлеуметтенуді индивидтін басқа топтарға кіруін қамтамасыз ететін шағын топтың бір түрі (отбасы, жасты адамдардың, достардың топтары, кейде көршілер топтары)Референтті топ — әлеуметтік салыстыру процесінде индивидтер үшін үлгі ретінде болатын, олар өзінің әлеуметтік жағдайын, мінезқұлқы мен ұстанымдарын салыстыратын нақты немесе елестетілетін әлеуметтік топ.Әлеуметтік топ — кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.Ресми топ — заңды статусы бар, әлеуметтік институттың, ұйымның бір бөлігі болып табылатын, осы институт немесе ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі шеңберінде белгілі бір нәтижеге (өнімге, қызметке, т.б.) жетуді мақсат тұтатын әлеуметтік топ.Этникалық топ — ядросы басқа әлеуметтік ағзаның құрамында болатын этностың (тайпаның халықтың, ұлттың) бөлігі («Сынығы»)Топтық динамика — белгілі бір уақыт арасында бір топта пайда болатын және топтың бір кезеңнен бір кезеңге қозғалуын, яғни оның дамуын бейнелейтін динамикалық процесс жиынтығы.Тендер тобы — тең статусты индивидтер тобы. Термин көбінесе отбасының иерархиялық тәжірибесіне қарағанда өз жасындағылар тобында әрекет ете отырып, әлеуметтенуіне әртүрлі ықпалды сезінетін балалар мен жасөспірімдерге қатысты қолданылады.Топтық динамика — әлеуметтік топтар ішіндегі интеракцияларға қосылған процестер. Әлеуметтану негізінен қақтығыстардың қысымы үлгісінің ауысуы, топ ішіндегі түзетулер мен ынтымақтастыққа, сондай-ақ, басқару стильдерін зерттеуге басты назар аударады.Топтық терапия — психологиялық ауруларды «бетпе бет», бірлесе қобалжу мен эмоция арқылы топтық процеспен емдеу тәжірибесі. Бұл үлкен өзін-өзі түсіну мен түзетуге әсер етеді.Терапевттік топтар негізінен лидерге немесе «жеңілдеткішке» ие болады, себебі олардың құрамы мен бағдарламасы мұқият жоспарланған болуы керек және барлық мүшелерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін басқарылуы тиіс. Әдістеме бірқатар теоретикалық тәсілдермен бекітілуі мүмкін, мысалы, психодинамикалық, роджериандық, феминистік.Топтастыру — бақыланатын объектінің бірліктерін маңызды белгілері бойынша біртекті жиынтықтарға біріктіру.Қысым топтары — мемлекеттік органдардың нақты шешім қабылдауына қолдау көрсететін немесе кедергі келтіретін ұйымдарды білдіретін мүдделер тобының түрі.Мүдде топтары — өзі үшін қолайлы және пайдалы шешімдерді қабылдау мақсатымен саяси институттарға ықпал етуге талпынатын ортақ мүдделер негізіндегі индивидтердің бірлестігі.Тәуекел топтары — қылмыстық немесе делинквентті іс-әрекетті жасауға басқалардан қарағанда бейім халық категориялары.Өзара көмек көрсету топтары — психологиялық денсаулықты калпына келтіру мақсатымен өзара көмек пен қолдау көрсету үшін құрылған қайғыға ұшыраған адамдар топтары. Бұл —лидер немесе координаторы болуы міндетті топтық терапия әдістемесінің бөлігі. Мұнда назар ортақ тәжірибені және ағымдағы эмоцияларды бірге қайта бастан кешіруге аударылады. «Менді» және басқаларды терең түсіну процесінде сауығу жүзеге асырылады.

36. Топтағы роьдік дефференция. Топтың социомерлік құрылымы.Топтпғы рольдік дифференция туралы айтар болсақ, тптағы дифференция 2 жәктеледі. І. Ішкі дифференциация, яғни жеке оқу топтарының ішінде жүргізілетін саралау жұмыстары. ІІ. Сырттай дифференциациялау. Бұлай саралау тыңдаушылар құрамын әдістемелік жұмыс деңгейіне, жұмыс өтіліне және шығармашылық мүмкіндіктеріне қарай жүргізілмек. Тыңдаушылар құрамын да осындай белгілеріне қарай біріктіруге Социометрия 1934 жылы ЯЛ. Морено «Who Shall Survive?» деген еңбегінде енгізіп, әу бастан әлеуметтік құрылымды түсіндіруге «социодрама» көзқарасының бір бөлігі ретінде сараланған ұғым. Социометрия топ ішіндегі адамдардан алынған, араласуда берілетін артықаіылықтарға (немесе көбіне құқықтық параллельдер кімнің кіммен араласатыны) қатысы бар ақпаратты белтілі бір базис пен алға қойылған мақсат аясында жүйеғе келтіреді. Зерттеудің алғашқы сатынарында Мореноның түзеу мекемесіндетілердің арасындағы даудан қашу үшін жатын бөлмедегі орындарды ауыстыруына тура келді. Сөйтіп, алғашқы қолданылуында әлеуметтанушылық тест (мысалы, достарын атап шығу) оның тікелей нәтижесін алуға бағытталса, Қазір Бұл сирек қолданылады. Тандаудың әлеуметтанушынық баламаларының жол берілетін саны белтіленген («ең жақсы үш досыңызды атаңыз») немесе белтіленбеген («қанша қаласаңыз, сонша есім атаңыз») болуы: сондай-ақ ол күн ілгері айқындалған болуы немесе байланыстың беріктігін білдіруі мүмкін. Бастапқыда социометриялық мәліметтерді талдау тандаудың алынған нәтижелері мен таңдаудың берілген баламаларының санына және тиісінше көп артықшынықка ие болған немесе ештеңе алмаған «жұлдыздар» мен «жақпайтын адамдар» секілді өзгешелеп тұратын қорытынды ерекшеліктерге шоғырландырылды. Мәліметтер социограмма деп аталатын сызықты диаграммаға нүктелер мен сызықшалар тұрінде бейнеленеді, онда бөрінен көп тандалған адамдар ортаға, ал сыртка тебілген адамдар шетке орналастырынады. Социометрия топтық күрынымды байыптау үшін білім беруде және баска шағын топтар ортасында қолданынады. «Sociomietry» атты ғылыми журнал шығарылады. Баска бір әдісте ол желілік әдістермен талдауға қатысты болады. 

37. жоғарғы оқу орнындағы оқытушының профессиограммасы және псигограммасы.

Профессиограмма — адамға қойылатын талап ету жүйесі арқылы кандай да бір кәсіптің егжей-тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға берілген кәсіп саласын жетістікпен меңгеру үшін қажет тұлғаның сапасы, ойлау қабілетінің ерекшеліктері, білімі икемділігі және дағдысы жатады. Профессиография — адамның жеке басының қасиетіне, психологиялық қабілетіне, психологиялық-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптарды зерттеу технологиясы. Адам мен кәсіптің арақатынасын қамтамасыз ететін практикалық ұсыныстар мен әдістемелік құралдың ақпараттық, болжамдық, келістірушілік қызметін реттеу үшін қолданылады. Профессиограмма түрлерін зерттеудің тереңдігі мен дәлдігі әлеуметтік сұранысқа байланысты.Профессиография кәсіптік қызметтің әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, психофизиологиялық тарихи, техникалық, құқықтық сияқты жақтарын қамтыды, олардың тиімділігін іс жүзінде арттыратын міндеттерді ұйымдастырады. Профессиограмма — кәсіптік қызметті жан-жақты зерттейтін әдістердің, яғни тәжірибелік мағлұматтарды жинақтайтын (құжаттарды қарастыру, бақылау, сұрастыру, эксперимент, ғұмырнамалық және шығармашылық тәжірибелер), оларға сараптама жасайтын, тәжірибелік бақылауды сапалық тұрғыдан бағалайтын, статистикалық мәліметтерді іріктейтін, сондай-ақ психологиялық түсіндірменің құрылымдық-жүйелік және функциялық-құрылымдық талдау тәсілдерінің жиынтығы. Профессиографияның нәтижесінде профессиограмма шығарылады. Әр мамандықтың өзіне тиісті профессиограммасы құрастырылады. Сонымен, профессиограмма – әр мамандықтың әлеуметтік, экономикалық, өндірістік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және психологиялық ерекше-ліктерінің жүйелі бейнеленуі болып табылады. Профессиограмманың құрамына психограмма кіреді. Психограмма дегеніміз адамның енбек әрекетін өнімді және сапалы орындауға қажетті субъективті сапаларының жүйесі. Профессиограмманы өткізу барысында келесі тәртіптегі кешенді талдау жүргізу жөн: 1. Мамандықтың өндірістік сипаттамасын анықтау. 2. Мамандықтың экономикалық мәнін белгілеу. 3. Мамандықтың әлеуметтік мінездемесін қалыптастыру (мамандық- тың ерекшелігі, ұжымдық немесе индивидуалды беделі және т.б.). 4. Мамандыққа қажетті білім мен шеберлік көлемін анықтау. Маман- дыққа қажетті дайындық уақыты. 5. Еңбек жағдайының сипаттамасы (санитарлық-гигиеналық сипатта- масы немесе адамның денсаулығына еңбекпроцесіндегі әсер ететін жағымсыз жағдайларды есепке алу). 6. Физиологиялық талаптардың тізімі (еңбек атқарушының организм функцияларының физиологиялық жәйттерін ескерту). 7. Мамандық бойынша жұмыс істейтін нақты адамдардың психограммасын құрастыру. Кәсіптік зерттеу жүргізу барысында профессиограмманың түрлі формалары қолданылады: 1. Ақпараттықпрофессиограмма – кәсіби кеңес беру мен кәсіби бағдарлану кезінде қолданылатын кесте. 2. Диагностикалық профессиограмма – еңбек әрекетінің өнімділігі төмендегенде қолданылады. 3. Конструктивті профессиограмма – жаңа еңбек өрісіне жоба жасау жағдайында эргатикалық жүйелерді жетілдіру үшін қолданылады. 4. Әдістік профессиограмма – белгілі бір еңбек әрекетіне тиісті эргатикалық жүйелерді зерттеу әдістерін таңдау үшін қолданылады. 5. Бағдарламалы профессиограмма мамандықты таңдау және маман- дарды дайындау кезінде қолданылатын әдістерді таңдай алу. Қазірге дейін жұмысшылар мен мамандарды даярлау мәселесі олардың кәсіптік біліктіліктеріне сипаттама беру тұрғысынан негіздеу кең сипат алып келді. Кәсіптік мектепті бітірушілерге оқу орындары беретін біліктілік сипаттамасы – оның оқу барысында білім, білік және дағды- ларына қойылатын талаптарды анықтайды, ол орталық атқарушы органдардың кәсіптік білімге біліктілік тағайындайтын саласы арқылы белгіленеді. Бітірушілерге қажетті маңызды кәсіби сапа мен жеке тұлғалық қасиеттер байқалмайды. Сондай-ақ бітірушінің шығармашылық қабілет- тілігі мен іскерлік әрекеттерінің кәсіпкерлікпен ұштастыру, оның шыңы кәсіби шебер деңгейіне жету, сөйтіп авторлық қызмет жүйесіне енуі көрсетілмеген. Мұны қазіргі кәсіптік мектеп бітіруші түлектерді дайын- дауда олардың біліктілік сипатын анықтайтын негізгі кемшіліктер деп түсінеміз. Кәсіптік дайындау мәселесін профессиографиялық тұрғыдан қарау ғана бұл тығырықтан шығара алады. Кәсіби дайындау деңгейін, оның сапалық дәрежесін біліктілік сипат- тама емес,профессиограмма анықтап бере алады. Профессиограмма белгі- лі бір кәсіпке жан-жақты сипаттама бере келе, оның адамға қоятын талаптарын, ол қызметті атқару үшін қажетті жеке тұлғалық, моралдық қасиеттер сапасын, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін сол арқылы білім, білік және дағдылық әрекеттерді іске қосатын жүйе болып табылады. Сөйтіп, кәсіптік мектеп бітірушілерінің дайындығы тек білім, білік және дағдылық қасиеттерден басқа да анықтайтын объективті қажеттіліктер бар екендігі белгілі болды. 

38 Психология ғылымының салалары мен тармақтары. Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталадыПсихологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттіңнегізі ретінде зерттеу.Қазіргі кезде психология ғылымы — көптеген салалар мен тармақтарға бөлініп, ілгері дамып отырған өрісі кең ғылыми тән. Бұл салалар мен тармақтар дамуы мен калыптасуы жағынан адамның түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерін қамтитын әр килы сатыда тұр. Оларды топтастырьш, жік-жікке ажырату жіктеу (классификация) деп аталады. Этимологиялық деңгейде психология рух пен руханиятты (көне грекше: ψυχή — жан) зерттеу (көне грекше: -λογία — сөз, ғылым, тану) деп танылады. Өзінің грекше мағынасында бұл зерттеу вегетативттік (жан дүниесі мен рухани болмысы), сезімдік (ниет-пиғыл, байым, әрекет), интеллективттік (ақыл-ой) функцияларымен шектеледі. Алайда психология — ақыл-ой қызметтерін зерттеумен бірге, рухани себеп-салдар әдістемесі, рухани жекешілдігінің, тұлға ішіндегі ақиқатты зерттеу. Ақыл-ой — тек комбинация мен арақатынас мекені емес, ол абстракция мен материалдық қатынас арқылы адам затын ойлау әрекетіне икемді нәрсе ретінде анықтайды. Осы тұста адам мен жануар арасындағы айырмашылық көрінеді.Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханиятыжануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

Ақыр соңында психология мен пәлсапа арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның бір бөлімі болған, ал пәлсапафизиканың ескі мағынасында (ағлақ, сана, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализмгуманизмбиологизм, т.б.).Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропологиясоциология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға боладыЕжелгі дамуыБұл «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. «Психология» терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Геккельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті — Марко Маурулицбұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.Бұл термин қауымның кең қолданылуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңныңкөмегімен кең тараған.Өзінің «жан» мен «тану» деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі «Жан Доктринасы» мен анатомиялық трактаты «Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу» («De Anima Brutorum») атты еңбектерінде көрінеді.19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.Ерте жаңа заман1879 жылы «психологияның атасы» болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің «Психология Принциптері» (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазірклассикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғауГуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістеменімүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоуклиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерсжәне Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.








sitemap
sitemap