Тесты с отв. для уч-ся



Тест сұрақтары 1-нұсқа

1. Пайдалы қазбалардан құрамы мен құрылысын өзгертпей өндіру мен өңдеу арқылы алынатын материалдар

А. Құймалы

Б. Жасанды

В. Майысқақ

Г. Табиғи

Д. Сұйық

2. Белгілі бір керекті пішін мен өлшемдер беріліп өңделген соң, олар құрылыс материалдары немесе бұйымдары бола алады

А. Метаморфтық қазбалар

Б. Пайдалы қазбалар

В. Арнаулы бұйымдар

Г. Конструктивті шикізаттар

Д. Магмалық тұтқырлар

3.Шикізаттық материалдарды технологиялық өңдеуде, олардың құрамы мен құрылысының ңәтижесінде өңделген өнімдер…. деп аталады

А.Табиғи

Б.Магмалы

В.Шөгінді

Г. Тұтқырлы

Д. Жасанды

4. Материалдың физикалық қасиеттеріне жататын қасиеттер:

А.Иілгіштік, созылмалық, қаттылық

Б. Химиялық тоттану, химиялық тұрақты

В. Ылғалдылық, тығыздық , қуыстылық

Г. Ауаға төзімділігі, жылуөткізгіштігі, нәзіктігі

Д. Желіну мен ұнтақталу, морт сынғыштығы

5. Материал массасының оның абсолютті (кеуексіз) тығыз жағдайындағы көлеміне қатынасы

А.Салмағы

Б. Қуыстылығы

В. Беріктігі

Г. Майысқақтығы

Д. Нағыз тығыздық

6. Материалдың механикалық қасиеттеріне жататын қасиеттер:

А. Қысқандағы беріктік, майысудағы созылыс беріктігі, соққыға беріктік, бүгілуге қарсыласы

Б. Химиялық тоттану, химиялық тұрақты

В. Ылғалдылық, тығыздық , қуыстылық, нәзіктік

Г. Желіну мен ұнтақталу, морт сынғыштығы, тоттануы

Д. Иілгіштік, созылмалық, қаттылық, ылғалдылық, шаршауы

7. Материалдың ауадан ылғалды жұту қабілеті

А. Созылмалық

Б. Қуыстылық

В. Суға төзімділігі

Г. Су тартушылығы

Д. Жылу сыйымдылығы

8. Қуыстылық …

А. материалдың жүйе құрылысындағы орныққан майда кеңістіктер мен капиллярларды қуыстылық деп атайды

Б. материал массасының оның абсолютті (кеуексіз) тығыз жағдайындағы көлеміне қатынасы

В. материалдың ылғалдану мен кебінудегі циклдық әсерлерге анау айтқан деформациясыз және механикалық беріктігін жоғалтпай қарсы тұру қабілеті

Г. материалдың жүйе құрылысындағы орныққан майда кеңістіктер мен капилляр мөлшерімен қарастырылады

Д. сырттан түскен салмақты (күшті) алынғаннан кейін материалдық бастапқы қалпын сақтау қасиеті

9.Материалдың суға қаныққан жағдайында қайта-қайта алма-кезек мұздану мен ерудің әсеріне, қирау мен беріктіктің төмендеуіндегі елеулі белгілерінсіз қарсы тұру қабілеті

А. Нағыз тығыздық

Б. Отқа төзімділік

В. Созылмалық

Г. Аязға төзімділік

Д. Қуыстылық

10. Материалдың бір бетінен қарама-қарсы бетіне қабат арқылы жылуды өткізу қасиеті

А. Созылмалық

Б. Отқа төзімділік

В. Жылу өткізгіштігі

Г. Аязға төзімділік

Д. Қуыстылық

11. Сырттан түскен салмақты (күшті) алынғаннан кейін материалдық бастапқы қалпын сақтау қасиеті

А. Қуыстылық

Б. Отқа төзімділік

В. Нәзіктік

Г.Морт сынғыштық

Д. Созылмалық

12. Иілгіштік дефформациясы деп…

А. материал салмақ әсерінен деформациясыз қирайтын болса және морт сынғыштық қасиеті ие

Б. материалдың суға қаныққан жағдайында қайта-қайта алма-кезек мұздану мен ерудің әсеріне, қирау мен беріктіктің төмендеуіндегі елеулі белгілерінсіз қарсы тұру қабілеті

В. иілген материалдың сыртқы әсер етуші күшті жойған соң бастапқы қалпына оралмауын айтады

Г. материалдың бір бетінен қарама-қарсы бетіне қабат арқылы жылуды өткізу қасиеті

Д. материалдың ауадан ылғалды жұту қабілеті

13.Материалдардың қоршаған ортамен өзара химиялық әрекеттесу қабілетінің салдарынан пайда болатын қасиет

А. Химиялық

Б. Технологиялық

В. Биохимиялық

Г. Эстетикалық

Д. Метаморфтық

14.Агрессивті орталарда зиянды газдар, қышқылдар, сілтілер және олардың ерітінділерінің әсеріне материалдың қарсыласу деңгейі

А. Химиялық тоттану

Б. Химиялық су сіңіргіштігі

В. Аязға төзімділік

Г. Химиялық төзімділігі

Д. Қаттылығы

15. Әр түрлі реактивтер, ылғал мен газдардың әсерлесуінен материалдарда орын алатын процесс

А. Дәнекерленуі

Б. Коррозия

В. Магниттелуі

Г. Электрөткізуі

Д. Дифузия

16. Сәулеттік пішіндерді, құрылыс материалдарын жоғарғы сезімділікпен қабылдау қасиеттері

А. Физикалық

Б. Химиялық

В. Механикалық

Г. Эстетикалық

Д. Технологиялық

17. Қысқандығы, иілгендігі, созғандағы беріктіктері, сызаттануға қарсы тұру қабілеті, оның анатомиялық ішкі жүйе құрлымына, талшықтардың орналасуы мен тығыздығына, клеткалар арасындағы байланыстырғыш заттардың санына байланысты

А. Ағаштың механикалық қасиеттері

Б. Металдың физикалық қасиеттері

В. Ағаштың химиялық қасиеттері

Г. Бетонның технологиялық қасиеттері

Д. Тау жынысының эстетикалық қасиеттері

18. Өсіп тұрған ағаштың … ылғалы бар

А.10%

Б. 75%

В. 100%

Г. 150%

Д. 40%

19. Ағаштың түрі мен жынысына тәуелді

А. Ақаулары

Б. Көлемі

В. Түсі

Г. Сапасы

Д. Қосылысы

20. Ағаштар қолайсыз жағдайларда өсу кезінде, оның сапасын төмендететін, құрылыстың құндылығын нашарлататын кемістігі

А. Текстурасы

Б. Микроструктурасы

В.Фактурасы

Г. Нагелдің саны

Д. Ақаулар

21. Ағаштың басты қосылыс түрлері

А. Дәнекерлену мен профилді

Б. Жабыстырмалы және нагелді

В. Магмалы және метаморфты

Г.Цилиндрлі және тегісті

Д.Нагелді және трубкалы

22.Минералды тұтқыр заттың, ірі және майда толтырғыштардың, су мен қоспа араласының қатаюынан кейін пайда болған жасанды тасты материал

А. Темірбетон

Б. Керамогранит

В.Гипсобетон

Г. Бетон

Д.Стекловата

23. Бетонның тығыздығы

А. текстура мен фактурасына

Б. су мен малта тасқа

В. мұнай мен тұтқыр затқа

Г. түрі мен жынысына

Д. толтырғыштың түрі мен цемент тығыздығына байланысты

24. Тығыздығы жағынан бетондар

А. өте ауыр, ауыр (кәдімгі), жеңіл, өте жеңіл

Б. ауыр (кәдімгі), өте ауыр, тұтқырлы, майдалы

В. жеңіл, өте жеңіл, ұсақ, түйіршікті

Г. майда мен ірі

Д.қиыршық тасты және тұтқыр затты

25. Бетондардың тығыздығы 1800-2500 кг/м3

А. Аса ауыр

Б. Жеңіл

В. Аса жеңіл

Г. Ауыр (кәдімгі)

Д. Майда

26. Иілуі рұқсатты шамадан аспайтын балка биіктігі және бұл кезде толығымен қолданылатын кернеу … деп аталады

А) hопт

Б) h толық

В) h-балка қабырғасының биіктігі

Г) hmin

Д) hстр

Тест сұрақтары 2-нұсқа

1. Бетонның негізгі кемістігі

А. Жанғыштығы мен отқа тұрақсыздығы

Б. Майысу мен тартылысқа беріктігінің төмендігі

В. Жеңіл және нәзіктігі

Г. Шіру мен аязға төзімсіздігі

Д. Жылуға шыдамдылығы

2. Цементті, гипсті, асфальтты, силикатты

А. Мұнай қалдықтары

Б. Толықтырғыштар

В. Тау жыныстары

Г.Орман қалдықтары

Д. Тұтқыр заттар

3. Жеңіл толтырғыштарды қолдана отырып алынған бетондар

А. Түйіршікті

Б. Салмақты

В. Ауыр

Г. Жеңіл

Д. Құймалы

4. Іргетастық блоктар, қабырғалық панельдер жабылым плиталары мен қабатаралық плиталар, сатылы торлар, колонналар, арқалықтар, қақпалар

А. Көлемді элементтер

Б. Кіші форматты

В.Созылмалы элементтер

Г. Керамикалық бұйымдар

Д. Тастан жасалған бұйымдар

5.Темірбетон бұйымдарының тартылыс күшін қабылдайтын аймаққа орналасқан арматура

А. Жұмыстық

Б. Монтажды

В. Анкерлі

Г. Тізбекті

Д. Талшықты

6. Монтажды арматура

А. Арматуралық қаңқа мен конструкция бетонының жұмыс бірлігін қамтамасыз етіп, конструкцияны көтеріп орнықтыруда, тасымалдау және құрастыруда қажет бөлшегі

Б. Индустриялы көлемді элементтер құрастыру жұмыстары механизациялауға қолайлы және ғимараттың құнын азайтуға мүмкіндік беретін тізбекті арматура

В. Темірбетон бұйымдарының тартылыс күшін қабылдайтын аймаққа орналасқан арматура

Г. Дайындалған құрастырмалы бетонды және темірбетонды элементерді тұтынушыларға жіберер алдында техникалық бақылау жолымен қабылданатын арматура

Д.Радиациялы және басқа да сәулелену жағдайында пайдаланылатын объектілердің құрылысы негізінде, радиоактивті әсерлерден қорғану үшін арналған арматура

7.Жанбайды, шірімейді, пайдалану кезінде жеткілікті түрде тұрақтылығы мен шыдамдылығы бар құрылыс материалы

А. Темірбетон

Б. Ағаш

В.Шыны

Г. Тұтқыр зат

Д. Қарақағаз



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст




sitemap
sitemap