Экзамен сурактары (1)(1)



«ШЕТЕЛ МҰРАҒАТТАРЫНЫҢ ТАРИХЫ» КУРСЫ БОЙЫНША ЭКЗАМЕН СҰРАҚТАРЫ



Ежелгі Вавилон, Аккад, Шумер, Ассирия, Хет мемлекеттерінің жазба ескерткіштері. Жекеменшік мұрағаттар, кітапхана мұрағаттары, сарай, шіркеу мұрағаттары. Құжаттардың мазмұны және құрамы. Таяу Шығыс мемлекеттерінің жазба ескерткіштері.

Ежелгі Египет мұрағаттары. Фараондардың сарай мұрағаттары. Ұлы уәзір мұрағаттары. Абыздар мұрағаттары (храмдар). Жеке тектік мұрағаттар. Олардың мазмұны және құрамы.

Ежелгі Үндістан мұрағаттары. Мұрағаттардың түрлері. Жазба, кеңсе ісін жүргізудің дамуы. Артхашастра — трактаты ежелгі кеңсе ісінің ескерткіші ретінде.

Ежелгі Қытай мұрағаттары. Иероглифтік ескерткіштер. Кеңсе ісін жүргізудегі жазба дәстүрлері. Құжаттарға тән деректердің қоймасы (Лань тай, Ши цзюн). Деректердің құрамы және мазмұны. Деректерді пайдалану.

Ежелгі Грек мұрағаттары. Б.з.д. ІІ-І мың ж. жазба ескерткіштері. Афина полисінің мұрағаттары. Оның құрамы және мазмұны. Ежелгі грек кітапханалары.

Ежелгі Рим мұрағаттары. Абыздар мұрағаттары (понтифик, абыз-балшы). Кеңсе ісін жүргізудегі жазу дәстүрлері және оның өзгеріске ұшырауы.

Ерте ортағасырлар дәуіріндегі мұрағаттар. Кезбе мұрағаттар. Шіркеу мұрағаттары. Византия мемлекетінің мұрағаттары.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда Еуропада тәж мұрағаттарының қалыптасуы (Франциядағы қазыналық хартия, Англиядағы Капелла свиткаларының, Испаниядағы Арагон тәжі мұрағаттары, т.б.)

Қалалар мұрағаттары. Гильдия және цехтар мұрағаттары. Университеттер мұрағаттары. Шіркеу және монастырлар мұрағаттары. Госпиталь мұрағаттары. Жеке мұрағаттар. Кеңсе ісі және құжаттарды сақтаудың жағдайы.

ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Еуропадағы мұрағаттар Негізгі саяси мұрағаттар. Ведомстволық тарихи мұрағаттар. Мұрағатқа қол жеткізу мәселелері.

Еуропадағы мұрағаттардың түрлері (қалалық, шіркеулік). Олардың қолдану аясы және сипаты. Экономикалық мұрағаттардың пайда болуы.

Еуропа және Америка елдерінде жаңа заман кезеңінде мұрағат ісінің орталықтандырылуы

Франциядағы мұрағат ісі. 1790, 1794 жж. қабылданған мұрағат туралы декреттер және Ұлттық (мемлекеттік) мұрағаттың құрылуы. Мемлекеттік мұрағат жүйесін қалыптастырудағы орталықтандыру принципі. Мұрағат құжаттарын жариялау прициптері.

Термидорлық төңкерістен кейінгі мұрағаттардың жағдайы. Империя мұрағаты және департементтік мұрағаттар. Коммуналдық және госпиталдық мұрағаттар.

ХІХ ғ. екінші жартысы ХХ ғ. басындағы Франция мұрағаттары. 1884 ж. қабылданған мұрағаттар туралы заң. Мұрағаттар жүйесі және құрылымы. Мұрағат құжаттарын сыныптау мәселелері. Мұрағаттарда ғылыми-анықтамалық аппараттың құрылуы.

А.Бордье, Г.Ригну, Ш.Ланглуа, А.Штейн еңбектері және олардың мұрағаттанудың дамуына тигізген әсері. Мұрағаттық білім. Париждік хартия мектебі.

Бельгиядағы мұрағат ісі. Француз буржуазиялық революциясынан кейінгі Бельгиядағы мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің құрылуы. ХІХ ғ. ірі мұрағаттанушы Проспер Гамардың мемлекеттік мұрағат ісінің дамуына қосқан үлесі.

Голландиядағы мұрағат ісі. Мемлекеттегі тарихи білімнің дамуына тән ерекшеліктер және оның мұрағат ісіне тигізген әсері. 1814 ж. мұрағат туралы заң және мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің ұйымдастырылуы.

Англиядағы мұрағат ісі. Англияның ежелгі қоймалары (Вестминистрлер сарайындағы патшалық мұрағат; Тауэр мұнаралары; Мемлекеттік қағаздар мұрағаты). Ұлттық тарих ескерткіштерін зерттеу комиссиясының қызметі (1800, 1836). 1838 ж.

Англияның мемлекеттік мұрағатының құрылуы. Мемлекеттік мұрағаттың құрамы мен құрылымы. Тарихи қолжазбалар комиссиясының қызметі. Мұражай мен кітапханалардың қолжазба бөлімдері. Шіркеулік және жеке мұрағаттар.

Италия мемлекеттеріндегі мұрағат ісі. Саяси биліктің тасымалдаушы қоймалары, тарихи мұрағаттар, ведомстволық мұрағаттар. Қалалық, шіркеулік және жеке мұрағаттар.

Испаниядағы мұрағат ісі. (Симанкастағы тарихи мұрағттар, Мадридтегі ұлттық тарихи мұрағат, Алькаледе-Энарестегі Орталық мұрағат, Севильедегі Индияның бас мұрағаты). Мұрағаттар және олардың құрылымдары.

Неміс тілді мемлекеттеріндегі мұрағат ісіне тән ұқсастықтар мен ерекшеліктер. Германдықтар жерлеріндегі мұрағат типтері.

Пруссия мұрағаттары. ХІХ ғ. басындағы мұрағат ісі саласындағы реформалар. Пруссияның мемлекеттік мұрағатты және провинциалдық қоймалар жүйесі. Мұрағаттар құрамы мен құрылымы.

Бавария мұрағаттары. Құпия ведомстволардың мұрағаттары. /М.Можела министрінің реформалары. Имперлиялық мұрағаттың құрылуы (Рейхс-мұрағат). Мемлекеттің Ұлттық мұрағаты. Провинциалдық мұрағаттар. Мұрағаттардың құрамы мен құрылымы.

Саксония мұрағаттары. Мемлекеттік және провинциалдық мұрағаттардың құрылуы. Мұрағаттардың құрамы мен құрылымы. Мұрағат ісін ұйымдастыру әдістері мен техникалары. Маманданған кадрлар даярлау мәселесі.

Австро-Венгриядағы мұрағат ісі. Венадағы мемлекеттік мұрағат және оларды жинақталу сипатына тән ерекшеліктер. Мұрағаттардағы құжаттар құрамының ерекшеліктері. Мұрағат құжаттарының жіктелуі және жүйеленуі. Мұрағаттардың ғылыми-анықтамалық аппараттары. Тарихи ведомстволық мұрағаттар.

Венгрияда Ұлттық мұрағаттының құрылуы. Оның қорларының құрамы. Комитеттік, шіркеулік және жеке мұрағаттар.

Греция, Сербия, Болгария, Румыния мұрағаттары. Тарихи қоғамдардың жазба құжаттар қоймаларын қалыптастырудағы маңызы. Мұрағат ісінің дамуындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктер.

Швециядағы мұрағаттар. Мұрағаттардың жеке мекеме ретінде қалыптасуы. Елдегі мұрағат саласындағы реформалар (ХІХ ғ. соңы). Тарихшылар Ган Иортпен Гильдебранттың Стокгольм мемлекеттік мұрағатын қалыптастырудағы және оларды жинақтаудағы орны. Мұрағат құжаттарының жіктелуі және жүйеленуі. Жергілікті жерлерде мұрағат жүйесінің қалыптасуы.

Норвегия мұрағаттары. Ұлттық мұрағаттың құрылуы. Оның құрамы мен құрылымы.

Дания. Патшалық бас мұрағат. Провинциалдық мұрағаттар. Мұрағаттардың құрамы мен құрылымы. Мұрағат ісін реттеу саласына байланысты қабалданған заңдар (1889, 1891 жж.). Скандинавия елдерінде мұрағат ісінің дамуына тән ортақ ерекшеліктер.

ХХ ғ. басындағы шетелдерде мұрағат ісінің дамуы

Соғысаралық кезеңдегі шетелдердегі мұрағат ісі (1918-1939 жж.). Мұрағаттар жүйесі мен құрамына енгізілген өзгерістер. Соғыстың ықпалының нәтижесінде құжаттық материалдармен, мұрағат қорларының құжаттарымен алмасу. Мұрағат құжаттарының жаппай жойылуы.

Польша мұрағаттары. Ірі тарихи ведомстволық мұрағаттар. Олардың құрамы. 1919 ж. мұрағаттар туралы заң. Мұрағат ісін басқару ұйымының құрылуы және мемлекеттік мұрағаттар жүйесі.

Германия мұрағаттары. Мұрағаттар құрамының өзгерілуі. Жалпыимпериялық мұрағаттың қалыптасуы (1920 ж.). Мұрағаттарды жинақтау ерекшеліктері. Мұрағат құрылымы.

Франция. Мұрағаттарды орталықтандыру жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар жұмысының біркелкі әдістері мен нысандары. Мұрағат туралы үкіметтік декреттер (нотариалдық мұрағаттарды тапсыру 1928 ж., мемлекеттік мұрағаттарға мекемелер материалдарын тапсыру 1936 ж.).

Бельгия мұрағаттары. Бельгиядағы мұрағат мекемелерінің жүйесі. Мұрағат жұмыстарының әдістемелік дамуы. Мұрағат кадрларын даярлау. Бірінші дүниежүзілік соғыс құжаттарының шоғырлануы. Соғыс мұражайының (1918 ж.), соғыс мұрағатының (1919 ж.) құрылуы. Оларды шоғырландыру ерекшеліктері.

Голландия мұрағаттары. 1918 және 1919 жж. мұрағаттар туралы заңдар. Мұрағаттық мекемелер жүйесінің анықталуы. Ведомстволық мұрағаттарға бақылау орнату.

Финляндия мұрағаттары. Финляндияның мемлекеттік мұрағаты. Қорлардың құрамы мен мазмұны

Швеция, Дания, Норвегия мұрағаттары. Мемлекеттік және қалалық мұрағаттар. Қордың құрамы және мазмұны. Жергілікті мемлекеттік мұрағаттар жүйесінің қалыптасуы.

Англия мұрағаттары. Мұрағат ісін ұйымдастырудағы орталықтандырылмаған нысандар. Англиядағы мемлекеттік мұрағат – орталық үкімет құжаттарының қоймасы ретінде.

Италиядағы мұрағат мекемелерінің жүйесі. Мемлекеттік мұрағаттар жүйесі. Қалалық және нотариалдық мұрағаттар. Оларды жинақтау ерекшеліктері. Техникалық және мұрағат жұмыстарының деңгейі. Мұрағаттық мекемелер үшін мамандарды даярлау.

Соғыстан кейінгі кезеңдегі еуропа елдеріндегі мұрағат ісінің дамуына тән ерекшеліктерге сипаттама.

Ұлыбританиядағы мұрағаттар басқармасы. Мемлекеттік құжаттар туралы заң (1958 ж.). Ұлыбритания ұлттық мұрағаты. Оның қорларының құрамы мен мазмұны. Ұлттық мұрағат жұмыстарының ұйымдастырылуы.

Германиядағы мұрағат ісінің нормативті-құқықтық базасы. Мұрағат құжаттарын пайдалану және сақтаумен қамтамасыз ету заңы (1988 ж.), жер туралы мұрағат қорларының заңдары және т.б.Кобленцедегі федералды мұрағат (1952 ж.). Негізгі функциялары мен құрылымы. Жинақталудың деректік көздері.

Экономикалық мұрағаттар. Парламент мұрағаттары. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың мұрағаттары. Баспа, радио мұрағаттары. Университет мұрағаттары. Әдебиет және өнер мұрағаттары. ГФР-гі мұрағатшылар қоғамының қызметі. Мұрағат ісінің Германияны біріктіргеннен кейінгі жағдайы (1991 ж.).

Италияның орталық мемлекеттік мұрағаты. Оның қорларының құрамы мен мазмұны. Рим мемлекеттік мұрағаты. Қордың құрамы. Мемлекеттік емес әкімшілік және экономикалық мекемелер мұрағаттары. Жеке мұрағаттар, мекемелер және жеке адамдардың мұрағаттары.

Нидерландық мұрағаттар. Мұрағаттар туралы заңдар (1962, 1990 жж.). Үкіметтік ақпаратты құру заңдары (1980 ж.).

Швейцариядағы мұрағат мекемелері . Федералды (Ұлттық) мұрағат. Кантоналды, қалалық мұрағаттар. Коммуна мұрағаттары. Қордың құрамы және мазмұны.

Базелдегі экономикалық мұрағат. Оның шоғырлану ерекшеліктері. Ғылыми-техникалық мұрағаттар. Орталықтандырылған ғылыми-техникалық құжаттарды сақтау мәселелері (Цюрихтегі сәулет тарихы институты, Женевадағы ғылыми тарихи мұражай және т.б.).

Халықаралық ұйымдар мұрағаттары. Мұрағат құжаттарымен жұмыс істеу әдістері. Мұрағаттардың жариялық қызметі.

Франциядағы мемлекеттік мұрағат қызметі. Мұрағат ісі туралы үкіметтің декреттері мен заңдары (1979, 1983, 1988, 1990 жж.).

Посттоталитарлық кезеңдегі Орталық және Шығыс Еуропадағы мұрағаттар мәселелері.

Солтүсітк Америка елдеріндегі мұрағат ісі

АҚШ-тағы мұрағат ісі. АҚШ-тағы Ұлттық мұрағат және құжаттаманың басқармасы. Мұрағат бөлімдері функциялары. Ұлттық мұрағаттың құрылымы. Өлкелік мұрағаттар, президент кітапханалары, құжаттарды сақтаудың арадағы орталықтары. Олардың функциялары мен қызметі.

Австрия мұрағаттары. Венаның мемлекеттік мұрағаты. Ведомстволық тарихи мұрағаттар. Әскери мұрағат, қаржылық палата мұрағаты, ішкі істер және юстиция мұрағаты. Ағымдық ведомстволық мұрағаттар.

Жергілікті мұрағаттар. Мұрағаттарды жинақтау.

.








sitemap
sitemap